People басылымының хабарлауынша, Николь Кидман 2025 жылғы Met Gala кешінің ең көп талқыланған қонақтарының бірі болды. Мега жұлдыз қызыл кілемге әдеттегі ұзын шашының орнына ультрақысқа шаш үлгісімен шықты. Айта кетейік, бұл жолы актриса күйеуі Кит Урбансыз келді.
Актрисаның стилистінің айтуынша, оның образына шабыт берген — денди стилі: «Мен даралықты, талғам мен сенімділікті жеткізгім келді, бұл кештің тақырыбы — Superfine: Tailoring Black Style — дәл осы қасиеттермен үндеседі деген үміттемін», - дейді ол.
Жаңа образын толықтыру үшін Николь Кидман Balenciaga сән үйінің креативті директоры Демна Гвасалия жасаған винтажды қара көйлекті таңдады. Көйлек 1952 жылғы Harper’s BAZAAR журналында жарық көрген архивтік үлгінің негізінде тігілген. «Демна маған эскиз жібергенде, ол тарихи силуэтті қалай заманауи әрі маған тән етіп өзгерткеніне қайран қалдым», — деді танымал актриса.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.