Көпшілікті таңғалдырудан жалықпайтан Met Gala 2025 шарасындағы ең сексуалды тренд — no pants стилі болды. Жыл сайын дәстүрге айналған кешке биыл кейбір жұлдыздар тек іш киім мен колготка киіп, кеуделеріне ашық боди таңдаған. Костюм институтының балындағы ең әсерлі образдарды бірге қарастырайық. Себебі олар әлі талай талқыланады деген сөз.
Фаррелл Уильямстың жары Хелен Ласичан қызыл кілемде Louis Vuitton бренді ұсынған образбен бой көрсетті.
Сәнді шаралардың жұлдызы Сабрина Карпентер де Louis Vuitton сән үйінің образымен бой көрсетті. Актриса әрі әнші кеш барысында денди стилін өзіне тән қылығымен көрсете алды.
Француз сән үйінің тағы бір өкілі — Лиса. Айтпақшы, әншінің киіміне мұқият қарасаңыз, Роза Паркстің — нәсілдік сегрегацияға қарсы белсенді әйелдің — бейнесіндегі шілтерді байқауға болады.
Модель Амелия Грей Хэмлин винтаж стиліндегі іш киімнің үстінен қызыл боди киіп шықты. Бұл образды Valentino командасы арнайы дайындаған.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.