Met Gala-ны Ким Кардашьянсыз елестету мүмкін емес. Жұлдыз дәл осы атышулы сән шарасының талай жылдан бері қадірменді мейманына айналған. Биыл, USmagazine басылымының хабарлауынша, теледива өзіне тән ерекше стильде — Chrome Hearts бренді ұсынған аутфитпен мега кеште бой көрсетті.
Қызыл кілемге Ким былғары корсет пен шлейфі бар ұзын белдемшемен келген. Қызығы, оның образы екі «декольтеден» тұрады: біреуі кеудесін, екіншісі бөксесін айқындай түскен. Өзінің бұл образын Ким Кардашьян беліне тағылған інжу әшекейлермен, ірі гауһар алқамен және ерекше бас киіммен толықтырды — ол федора мен ковбой қалпағы. Дәстүр бойынша шарада биыл да анасына Норт Уэст серік болды. Мүмкін, болашақта Норт та Костюм институтының балына жеке өзі қатысатын шығар.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.