Ким Кардашьянның сатып алған ерекше және бағалы заттары
Фото. Shutterstock

Ким Кардашьянның сатып алған ерекше және бағалы заттары

Гүлдана Мұқан
28 апреля 2025

Ким Кардашьянның мәдени саланың тарихына және өмірдің ең жақсы нәрселеріне деген құштарлығы оны сирек кездесетін жәдігерлерден тұратын үлкен коллекция жинауға жетеледі. Ол үшін 2022 жылғы Met Gala-дан кейін үлкен дау тудырған Мэрилин Монроның атақты көйлегін еске алсақ та жеткілікті. Жуырда жұлдыз Sotheby’s аукционында бұрын ханшайым Дианаға тиесілі болған Атталла айқышын сатып алды. Оның коллекциясында тағы не бар? Бірге білейік.

Джеки Кеннедидің сағаты

Ким Кардашьянның сатып алған ерекше және бағалы заттары
Пресс-офис Christie's

Инсайдерлердің хабарлауынша, 2017 жылдың маусымында Christie’s аукционында Кардашьян АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымының сағатын сатып алған. Кейбір деректерге сәйкес, Ким бұл бұйымға 379 500 доллар ұсынған.

Джанет Джексонның киімі

2021 жылдың мамыр айында Кардашьян Джанет Джексонның 1993 жылы «If» әніне түсірілген бейнебаянында киген арнайы тігілген жейдесі мен шалбарын сатып алды. Julien’s аукционы мәмілені растады, киім жиынтығы бәссаудада 25 000 долларға бағаланған.

Мэрилин Монроның көйлегі

Ким Мэрилин Монроның көйлегін толық сатып алмаса да, оны 2022 жылғы Met Gala кешінде кию мүмкіндігі үшін қомақты қаражат төледі.

«Эмми» сыйлығы

Ким Кардашьянның сатып алған ерекше және бағалы заттары

Иә, дұрыс оқыдыңыз. Өзінің анасы Крис Дженнердің 60 жас мерейтойына арналған сыйлық ретінде Ким оған тұтас бір «Эмми» сыйлығын тарту етті.

Ханшайым Диананың айқышы

Ким Кардашьянның сатып алған ерекше және бағалы заттары
Пресс-офис Sotheby’s

Ким Кардашьянның коллекциясындағы ең соңғы сатып алған мүлкі — ханшайым Диананың сүйікті әшекейлерінің бірі. Кардашьян-тегі Атталла айқышы үшін 200 000 доллар төледі.

USMagazine ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Harper's BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше