Димаш Құдайбергеннің қарындасына сырға салынды! Той неге жасырын өтті?
Фото. Instagram @kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің қарындасына сырға салынды! Той неге жасырын өтті?

Гүлдана Мұқан
28 апреля 2025

Димаш Құдайбергеннің шаңырағында қуаныш. Музыканттың қарындасы Раушан Құдайберген-тегі сырғалым атанды. Қалыңдыққа сырға салу рәсімі салт-дәстүрге сай өткен. Алайда салтанатты шара құпия ұйымдастырылған. Себебі, Қанат Айтбаев және Светлана Айтбаева, тіпті Димаш та жаңалықты жария етпеді. Ал сүйіншіні Facebook-тегі AktobeDimashDearsKz фан-парақшасындағы жанкүйерлер сұрады.

«Бүгін біздің Раушан үшін ерекше күн – «Сырға салу» рәсімі өтті». Раушан, бақытты бол! Жаңа жолың ашық, шаңырағың шаттыққа толы болсын», - деп фан-парақша авторлары сырға салу рәсімінен Раушанның фотосуретін жария етті.

Әзірге өнерлі отбасы бұл жаңалықтарға байланысты ресми мәлімдеме жасамады. Десе де, фолловерлер Раушан Құдайбергенованы құттықтап, инстаграмдағы соңғы посттының астына жылы лебіздерін білдірді.

Димаш Құдайбергеннің қарындасына сырға салынды! Той неге жасырын өтті?
Димаш Құдайбергеннің қарындасына сырға салынды! Той неге жасырын өтті?

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше