«Білім алу ешқашан да кеш емес»: Санжар Мәди, Зарина Кармен, Самал Еслямова... Оқуды кеш санамайтын отандық жұлдыздар
Фото. Instagram @sanjar.madi

«Білім алу ешқашан да кеш емес»: Санжар Мәди, Зарина Кармен, Самал Еслямова... Оқуды кеш санамайтын отандық жұлдыздар

Гүлдана Мұқан
28 апреля 2025

«Білім алу ешқашан да кеш емес!» Бұл сабақ алудан, оқудан шаршамайтын, уақыт пен жасқа қарамайтын жандардың өмірлік ұстанымы. Мұндай тұлғалардың арасында отандық жұлдыздар да жетерлік. Олар бір дипломды аздық етіп, өздерін түрлі саладан сынап көрмек.

Мәселен, Санжар Мәди күні кеше тағы бір диплом иегері атанды. Кезінде актер Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «экономика және бизнес» факультетінің экономист мамандығын бітірген болатын. Десе де бар өмірін киноиндустрияға арнаған Санжар қазіргі таңда психология, маркетинг салалары бойынша қосымша білім алып, кәсіби маман атанды.

Театр және кино актрисасы Зарина Кармен де білім алудың ерте кеші жоқ екенін алға тартады. Жұлдыз 2024 жылы магистрант атанып, жоғарғы оқу орнының дипломын алған болатын. Оның екінші мамандығы -  «театр режиссурасы». Осылайша Зарина бүгінде өнертану ғылымдарының магистрі атанды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова да өз уақытында алған білімді аздық етіп, тағы да қосымша диплом алған әртістердің бірі. Өнер иесі Петропавл қаласындағы өнер колледжінің актерлік факультетін тәмамдаған. Студент кезінен Петропавлдағы Қазақ музыкалық-драма театрында өнер көрсеткен.

Одан кейін, 2011 жылы ГИТИС-тің актерлік факультетін (Е.Б.Каменкович пен Д.А.Крымовтың шеберханасы) бітірген.

2016 жылы актриса Мәскеуге арнайы барып тағы бір мәрте ГИТИС-ті бітірді. Сонымен Самал Еслямованың екінші мамандағы – режиссер. 

Айгүл Иманбаева да 2024 жылы диплом иегері атанды. Өнер иесі «Болашақ» білім бағдарламасы арқылы грант ұтып, Ұлыбританияға барып оқып келді.

Актриса әрі әншінің таңдаған бағыты - «Art Management» мамандығы.  




Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше