Бас кейіпкер - Тай! Alem енді отбасылық блог жүргізбек пе?
Фото. Instagram @xcialem

Бас кейіпкер - Тай! Alem енді отбасылық блог жүргізбек пе?


«Өмірдің бағалы сәттері» «Ninety One» тобының мүшесі Alem енді камера сыртындағы өмірін тыңдарманға блог түрінде ұсынбақ. «Шай ішіп отырып қарайтын видеолар» деп өзі сипаттағандай, YouTube арнасындағы таспаға тартылған сәттер жиынтығы өте жылы шыққан. Кадрларда басты кейіпкер музыканттың ұлы - Тай. Сондай-ақ, концерттердің алдындағы қызықты сәттер, түсірілім барысындағы оқиғалар, үйдегі отбасылық вайб, тректің қалай жазылатыны, бәрі де блогтан әдемі көрініс тапқан. Alem-нің ютуб күнделігінің жалғасы болатынына оның EP1  деп қалдырған жазбасынан байқауға болады. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше