«Мен жай ғана бақытты болғым келеді. Жай ғана. Өте табысты, керемет бай, жарыста жеңіп кеткен біреу емес. Жай ғана әр күнім бекер өтіп кетпегенін сезіну. Ең бастысы - бақыт дегеніміз шындықтан бас тарту немесе, дүниеден теріс айналу емес қой. Ол - сыртта не болып жатса да, өз ішіңде не егетініңді таңдауың. Бұл - «Мен жамандықты көрмеймін» деген емес, «Мен жамандыққа ішімдегі жарықты жарықты жоюға жол бермеймін» дегенді білдіреді. Сен бүкіл әлемнің ауыртпалығын көтеруге міндетті емессің. Жаның - өзгенің қайғысын жинайтын қоқыс жәшігі емес. Өмірің - жаңалықтар таспасы емес. Ал мен үшін бақыт - жанымда отбасым болғанда, сүйікті адамдарымның күлкісі естілгенде. Мен шығармашылықпен айналысып өз ойыммен, сезіміммен, идеяларыммен айналамдағы дүниелерді көркейте алған кезде. Жасаған істерім өзгелердің жүрегіне жетіп, жарық қалдырғанда. Міне, шынайы бақыт деген - бар болу, сүю, шабыттану. Қорқынышпен емес, мағынамен өмір сүру. peace!»
«Ninety One» тобының мембері ZAQ тұңғиық тереңіне тартатын таспа жариялап, ерекше жазбамен бөлісті. Еске салсақ, рэпер 6 ай бұрын алғаш рет әке атанған еді. Отбасылық өмірін көп көрсете бермейтін Дулат бұл жазбада өзінің ішкі сезімдерін сипаттағысы келген-ді. Ол әлемдегі болып жатқан жағымсыз жаңалықтардың бақыт түсінігіне әсер етпеуі керектігін әсерлі бейнетаспасымен түйіндеді.