Сәуірдің соңғы жұмыс күндері мен мамырдың басы - өміріңіздегі өзгерістер мен жаңа бастамаларға деген құштарлықты оятады. Бірақ бұл авантюраға келісу керек пе, әлде бұрын басталған істерді аяқтаған дұрыс па? Мұның жауабы әр адамға әр түрлі болмақ. Әрбір жұлдыз белгісіне осы кезеңде неге көңіл бөлу керектігін апталық жорамал айтып береді.
Тоқты
Энергияңыз артады, бірақ онымен бірге ашушаңдық та көбеюі мүмкін. Эмоцияларыңызға абай болыңыз, олардың сізді басып кетуіне жол бермеңіз. Айтпақшы, жеке өмірде тосын сыйлар болуы ықтимал, сондықтан жаңа таныстықтарға ашық болыңыз.
Торпақ
Жұмыста табысты сәттер күтіп тұр, бірақ үлкен серпілістерге үміт артудың қажеті жоқ. Қойылған мақсаттарға біртіндеп қадам басу әлдеқайда нәтижелі болмақ. Бұған сіз бұған дейін де көз жеткізгенсіз.
Егіздер
Өзіңізді сенімді серіктес немесе әріптес ретінде көрсету маңызды. Сіздің ортаңызда біреу сізбен ынтымақтастық орнатуға немесе тіпті ірі жобаны тапсыруға дайын болуы мүмкін.
Шаян
Денсаулығыңызға ерекше мән беріңіз. Өзіңізді артық жүктемеуге тырысыңыз және демалуға уақыт табыңыз. Жұмыста қажетсіз тапсырмаларды мойныңызға алмаңыз, мүмкін болса, оларды басқаға тапсырыңыз.
Арыстан
Жаңа жобаларды бастау үшін тамаша апта. Басшылық сізге назар аударады, бұл мансаптық өсудің жолын ашуы мүмкін. Бастысы — табиғи тартымдылығыңызды жасырып қалмаңыз.
Бикеш
Бұл кезең сізден ұқыптылық пен ұсақ-түйекке мұқият қарауды талап етеді. Құжаттар мен келісімшарттардың талаптарын мұқият тексергеніңіз дұрыс. Сондай-ақ жақындарыңызға да қамқорлықпен қарағаныңыз жөн.
Таразы
Жақындарыңызбен қарым-қатынаста бейбітшілікті сақтауға және қажетсіз дау-жанжалдардан аулақ болуға тырысыңыз. Айта кетейік, ымыра таба білу және бастама көтеру қабілеті жұмыста да сіздің пайдаңызға шешіледі.
Сарышаян
Алда өзгерістер күтіп тұр. Апталық жорамал кәсіби салада күтпеген оқиғаларды болжайды. Бірақ маңызды шарт бар — әдеттегі шеңберден шығудан және жаңа нәрселерді байқап көруден қорықпаңыз.
Мерген
Горизонтты кеңейту үшін керемет уақыт. Қысқа сапарға шығуға кеңес береміз. Бұл сапар барысында сізге шабыт сыйлайтын тағдырлы таныстықтар болуы мүмкін.
Тауешкі
Барлық күшіңізді өз мақсаттарыңызға жетуге бағыттаңыз. Мақсаткерлік пен ұйымшылдық айтарлықтай нәтижелерге жетуге көмектеседі. Бірақ қарым-қатынасты да ұмытпаңыз. Шынайы қамқорлық сүйіктіңізбен байланысыңызды нығайтады.
Суқұйғыш
Алдағы уақытта еркіндіктің шынайы дәмін сезінетін боласыз. Бастама көтеруден қорықпаңыз, ерекше шешімдер іздеңіз. Шығармашылық тәсіл жұмыста міндетті түрде өз жемісін береді.
Балықтар
Интуицияңыз басты көмекшіңіз болады (бұл сізге таңсық емес). Ішкі даусыңызға сеніңіз және өзіңіздің эзотерикалық қырыңызды ашық көрсетуден ұялмаңыз.