Ер адамдардың зодиак белгісіне қарай басты қорқынышы: сіздің серігіңіз неден ең қатты қорқады?
Фото. Анастасия Анишева

Ер адамдардың зодиак белгісіне қарай басты қорқынышы: сіздің серігіңіз неден ең қатты қорқады?

Гүлдана Мұқан
24 апреля 2025

Ол өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш әрі кейде тіпті сәл тәкаппар болуы мүмкін. Бірақ әр адамда әлсіз тұсы бар. Бұл биіктіктен немесе қараңғылықтан қорқу сияқты анық нәрсе болмауы мүмкін. Кейде ер адамдар назар аудармай қалудан, әлсіз болып көрінуден, үмітті ақтамаудан немесе қабылданбай қалудан қорқады. Мұндай үрейлер жиі сырт көзге бейқамдық немесе тым белсенділік арқылы жасырылып тұрады. Алайда азаматтың зодиак белгісіне қарап, басты қорқынышын анықтауға болады.

Тоқты

Тоқты — өмір бойы көшбасшы болуға ұмтылады. Сондықтан жеңіліс оған ең үлкен соққы. Ол әрдайым ең мықты болуға тырысады, ал оның өзін-өзі бағалауы мақтау мен мойындауға тікелей байланысты. Тоқтының дарынына күмән келтіру — қара тізімге кірудің төте жолы.

Торпақ

Торпақтар үшін басты құндылық — қаржылық тұрақтылық. Олар өздерін қауіпсіз сезіну үшін табысты болғысы келеді. Сол себепті Торпақ жігіттер көбіне ақша мәселесінен алаңдайды.

Егіздер

Бұл белгідегі жігіттер өзін бағаламайтын жерден кетуге бейім. Олар үшін қоғамда, ортада қажеттілік пен маңыздылық сезімі өте маңызды. Сондықтан көбіне өз орнын жоғалтудан қатты қорқады.

Ер адамдардың зодиак белгісіне қарай басты қорқынышы: сіздің серігіңіз неден ең қатты қорқады?

Шаян

Шаяндар көбіне өз-өзіне сенімсіз келеді. Сын көтере алмайды, әсіресе жақын адам тарапынан. «Сен жеткіліксіз жақсысың» деген секілді сөздер олар үшін ауыр соққы. Мұндай пікірді есту – қарым-қатынастың үзілуіне себеп болуы мүмкін.

Арыстан

Арыстандар назарсыз қалудан қорқады. Көлеңкеде қалып, еленбей қалу — олар үшін шынайы қорқыныш. Мұндай жігіттерге жиі қолдау мен мақтау қажет.

Бикеш

Ұқыптылық пен мінсіздікке ұмтылу – Бикештердің басты қасиеттері. Олар үшін басқалардың алдында мінсіз болу маңызды. Егер бұл орындалмаса, олар өз ішіне кіріп кетіп, тұйықталып қалады.

Ер адамдардың зодиак белгісіне қарай басты қорқынышы: сіздің серігіңіз неден ең қатты қорқады?

Таразы

Таразылар өмірде ештеңеге қол жеткізбейміз бе деп қорқады. Өзін-өзі жүзеге асыру, армандарына жету олар үшін өте маңызды. Басты қорқынышы — өмірінің мәнсіз өтіп кетуі.

Сарышаян

Сарышаяндар — өз осал тұстарын көрсетуден қорқатын ер адамдар. Себебі сол арқылы олардың жүрегіне жету — әрі жаралау оңай. Осы зодиак белгілерін бір рет ренжіткен болсаңыз, қайта сеніміне кіру қиын.

Мерген

Мергендер — командамен жұмыс істеуді жақсы көреді. Бірақ жеңілісті көтере алмайды. Жүлдесіз қалу, екінші немесе үшінші орында болу – олар үшін үлкен күйзеліс.

Ер адамдардың зодиак белгісіне қарай басты қорқынышы: сіздің серігіңіз неден ең қатты қорқады?

Тауешкі

Тауешкілер сырттай суық әрі салқынқанды көрінгенімен, іштей өте нәзік. Олардың басты қорқынышы — жалғыз қалу және жүрегінің жаралануы.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін ең үлкен үрей — сұр, бірсарынды өмір. Олар күнделікті қайталанатын тіршіліктен жалығады. Осы себепті кейде олар жауапсыз көрінуі мүмкін – шын мәнінде олар қызықты оқиғаларды іздейді.

Балықтар

Балықтарда идея көп, олар өз ойларын әлеммен бөліскісі келеді. Бірақ түсініспеушілікке жиі тап болады. Қоғамның қағидалары мен ұстанымдары оларды шектейді. Сондықтан, көп жағдайда өз ойларын айтудан бас тартады — тек қабылданбай қалмау үшін.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Анастасия Анишева.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше