Сәуір айының аяқталуына санаулы күндер қалды, десе де үлкен және кішігірім жаңалықтарды қамтитын жеті күн бар. Астрологиялық болжамға сәйкес, дәл осы кезеңде көптеген адамдар тек гардеробты емес, жүрек пен ойды да ретке келтіргісі келуі мүмкін. Ескі гештальттарды жауып, кейінге шегеріп жүрген шаруаларды аяқтаңыз. Көктем де шарықтау шегінде, табиғат оянып жатыр – бұл ішкі ұйқыдан тұрып, өмірді толыққанды сүруге мүмкіндік. Сонымен, алдағы жеті күнге жұлдыздар сізге не дайындады?
Тоқты
Көңіл-күйіңіз құбылмалы болып тұруы мүмкін. Әдеттегі сабырлы мінезіңіз кенет эмоция мен жаңа әсерге құмартуымен алмасады. Бірақ алаңдамаңыз – сіз бұл тасқынға ермей, бәрін бақылауда ұстай аласыз.
Торпақ
Көктемде ғашық болмау – мүмкін емес сынақ. Осы аптада жүрегіңізді махаббат сезімі билейтіні анық. Егер басыңыз бос болса – кездесуге барудан тартынбаңыз. Сізді ештеңе тоқтатпауы тиіс.
Егіздер
Сізден жасырын жатқан шығармашылық қабілеттер оянып келе жатқандай. Бұл – Фрида Калоның батылдығы ма, әлде Майя Плисецкаяның нәзіктігі ме, мүмкін Клара Шуманның шеберлігі – бәрі сіздің ішкі қалауыңызға байланысты. Жарыққа шығыңыз, жасырынбаңыз!
Шаян
Жанжалдан аулақ болуға тырысыңыз – осы аптадағы ұрыс-керіс бірнеше айға созылып кету қаупі бар. Кей адамдармен кездесулер тіпті тағдырыңызға әсер ететін шешімдердің бастауы болмақ.
Арыстан
Экстримге құмартуыңыз мүмкін, бірақ жұлдыздар тәуекелге бармауға кеңес береді. Қазір тыныш өмір салтын ұстанған жөн. Сондай-ақ, біреу сізден көмек сұраса – аянбай қалмаңыз.
Бикеш
Жобаларыңызға тың идеялар қажет. Бұл аптада қиялыңызды еркіне жіберіңіз – тіпті ең тосын ойлар да іске жарап кетеді. Сондай-ақ, егер сізде жеке менторыңыз бар болса, алдымен кеңесіп алғаныңыз абзалырақ!
Таразы
Сіз үшін бұл кезең үйлесімді өтеді, уайымдамасаңыз да болады. Ешқандай тосын жайт немесе күйзеліс болмайды. Отбасымен көбірек уақыт өткізіңіз, іскерлік байланыстарды нығайтыңыз және жеткілікті ұйықтаңыз.
Сарышаян
Бір ауқымды оқиға болуы мүмкін. Сіздің жағдайда бұл спорттық жарыс немесе достармен кездесу секілді шағын, бірақ әсерлі шара болуы мүмкін. Байқаңыз: достарыңызбен викторинада өзіңізді көрсетуге мүмкіндік бар.
Мерген
Адамдармен тіл табысу қиынға соғуы қалыпты жағдай. Планеталардың орналасуы сіздің ашу деңгейіңізге әсер етеді. Сол себепті кей жағдайларда агрессияны бақылауда ұстау – басты міндетіңіз.
Тауешкі
Апталық жұлдыз-жорамал сізге фитнеспен айналысуды ұсынады. Бұл үшін міндетті түрде сәнге айналған бағыттарға барудың қажеті жоқ. Жеке жаттықтырушы жалдап, мақсатты түрде дене бітіміңізге көңіл бөліңіз.
Суқұйғыш
Үй шаруасы – сіз үшін екінші орында болса да, осы аптада үйге көңіл бөлгіңіз келуі бек мүмкін. Интерьерді өзгерту, жаңа декор сатып алу немесе тіпті бүкіл бөлмені қайта жаңарту ойыңызда тұруы ғажап емес.
Балықтар
Өмірге деген көзқарасыңыз өзгеруде. Мұны бірден аңғармауыңыз мүмкін, бірақ ішкі трансформация жүріп жатыр. Енді сіз бәріне басқаша қарайсыз – бұл сіздің дамуыңыздың, әлемге басқаша көзбен қарауыңыздың бір кезеңі.