Актер Шәріп Серікпен арадағы даулы оқиғадан кейін экс-ғашығы Әлия Бутеева алғаш рет әлеуметтік желіде байланысқа шықты. Блогер Instagram парақшасында видео жариялап, өзін қолдаған оқырмандарына алғыс білдірді.
Еске салсақ, сәуір айының басында ғаламторда актер Шәріп Серіктің Әлияға қол көтерген сәті түсірілген видео тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Қоғамдық қысымнан кейін, ресми арыз түспегеніне қарамастан, актер 5 тәулікке қамауға алынды.
Желіде жариялаған видеосында Әлия Бутеева:
— «Өмір жалғасып жатыр, сондықтан мен ары қарай дамуым керек. Осы уақыт аралығында уайым мен күйзелістен қатты арықтап кеттім. Мұны жанымда жүрген жақындарым жақсы біледі. Әрине, бұл оңай болмады. Тіпті жұмыстан да қол үздім. Бірақ сіздердің шексіз қолдауларыңыз маған күш сыйлады. Өз бастарынан өткен оқиғаларымен бөліскен әйелдерге алғысым шексіз. Сенім артқандарыңыз үшін қуаныштымын. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз маған нағыз мотивация болды», – деп бөлісті блогер.
Видео. Instagram @aliya_booteyeva
Видео. Instagram @aliya_booteyeva