«Патруль» фильмі небәрі 9 күнде кассалық рекорд орнатты
Фото. Instagram @akim_sake

1 миллиард теңге: «Патруль» фильмі небәрі 9 күнде кассалық рекорд орнатты

Гүлдана Мұқан
21 апреля 2025

Отандық киноиндустрияда тағы бір тарихи көрсеткіш тіркелді! «Патруль. Последний приказ» фильмі прокатқа шыққан алғашқы 9 күннің ішінде 1 миллиард теңге жинап, жаңа рекорд орнатты. Көпшіліктің ықыласына бөленген комедия осылайша аз ғана уақытта жоғары табыс пен рейтингке қол жеткізді.

Фильм — 7 маусымнан тұратын телехикаяның жалғасы әрі финалдық нүктесі. Жоба авторлары Қазақстанмен шектелмей, Ресей мен Қырғызстанға да арнайы барып, алдын ала көрсетілім ұйымдастырған болатын. Себебі картина ТМД елдерінде де прокатқа шықты.

— «Миллиард жинаңыздар!» — деп бір ай бұрын трейлер астына жазып едіңіздер. Міне, Қазақстандағы прокаттың алғашқы 9 күнінде бұл меже орындалды! — деп бөлісті түсірілім тобы әлеуметтік желіде.

Көрермендердің сенімі, қолдауы және жылы лебізі — осы жетістіктің басты кілті. Біз сіздермен біргеміз. Әрі қарай кеттік!  - деп авторлар көрерменге алғысын білдірді. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше