Отандық киноиндустрияда тағы бір тарихи көрсеткіш тіркелді! «Патруль. Последний приказ» фильмі прокатқа шыққан алғашқы 9 күннің ішінде 1 миллиард теңге жинап, жаңа рекорд орнатты. Көпшіліктің ықыласына бөленген комедия осылайша аз ғана уақытта жоғары табыс пен рейтингке қол жеткізді.
Фильм — 7 маусымнан тұратын телехикаяның жалғасы әрі финалдық нүктесі. Жоба авторлары Қазақстанмен шектелмей, Ресей мен Қырғызстанға да арнайы барып, алдын ала көрсетілім ұйымдастырған болатын. Себебі картина ТМД елдерінде де прокатқа шықты.
— «Миллиард жинаңыздар!» — деп бір ай бұрын трейлер астына жазып едіңіздер. Міне, Қазақстандағы прокаттың алғашқы 9 күнінде бұл меже орындалды! — деп бөлісті түсірілім тобы әлеуметтік желіде.
Көрермендердің сенімі, қолдауы және жылы лебізі — осы жетістіктің басты кілті. Біз сіздермен біргеміз. Әрі қарай кеттік! - деп авторлар көрерменге алғысын білдірді.