Танымал актриса, әнші әрі инфлюенсер Айжұлдыз Адайбекова тұрмысқа шықты. Julie сүйіктісі, кәсіпкер Сәкен Кағаровпен заңды некеге отырғанын әлеуметтік желі арқылы хабарлап, қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Ғашықтар Instagram парақшаларында «Жаңа қадамның басы» деген жазба қалдырып, заңды некелерінің ресми тіркелгенін растады. Қазіргі таңда жас жұбайлар алдағы үлкен тойға дайындықты бастап кеткен. Айта кетейік, қос ғашық 2024 жылдан бері бірге.
Ал салтанатты шара тек жақын туыстары мен өнер саласындағы достарының ортасында өтпек.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aizhuldyz_adaibekova