Қазақ киноиндустриясында жұлдызы жаңа жанған жас актер Алдияр Қуанышев пен актриса Аделина Ералиева ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Жақында ғана сөз байласқан қос ғашық Дубайда мұсылмандық некелерін қиып, маңызды сәтті шетелде атап өтті.
Неке қию рәсіміне олардың ең жақын достары да қатысқан. Қос ғашық бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желі арқылы бөлісіп, айтулы сәттен әдемі контент ұсынды. Қазіргі таңда Алдияр мен Аделина демалыс сапарында жүр. Елге оралған соң, жұлдызды жұп үлкен тойға дайындықты бастамақ.
Еске салсақ, қос актер түсірілім алаңында танысып, көңіл жарастырған еді. Ғашықтар «Теңіз түсті махаббат» телехикаясы мен «Бәрі өз қолыңда», «Қайын ата vs Күйеу бала» фильмдерінде бірге бой көрсеткен.