«Ертегі әлеміндегі вайб болды»: Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойының алдында hen party өткізді
Фото. Instagram @aizhuldyz_adaibekova

«Ертегі әлеміндегі вайб болды»: Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойының алдында hen party өткізді

Гүлдана Мұқан
22 апреля 2025

Актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Кағаровпен болатын үлкен тойдың алдында қызойнақ өткізді. Табиғат аясында ұйымдастырылған бұл ерекше hen party - Halloween тақырыбында өтті. Айжұлдыз бұл кешке тек ең жақын құрбыларын шақырып, ерекше атмосферада бойдақтықпен қоштасты.

«Бір тәулік бойы тыныштықта, таза ауада, жайлы ортада болдық. Жақсы әңгіме айтып, моншаға түстік» — деп жазды кешке қатысқан құрбылары. Олар бұл кешті «ертегі әлеміндегі вайб» деп сипаттап, әсерлерімен бөлісті.

Енді болашақ жас жұбайлар – Сәкен мен Айжұлдыз алдағы үлкен тойға дайындықты бастап кетті.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше