Сіздің қандай жар екеніңізді туған күніңіз айтып бере алады
Фото. Джек Диллон

Сіздің қандай жар екеніңізді туған күніңіз айтып бере алады

Гүлдана Мұқан
22 апреля 2025

Әрине, әйел адамның қандай жар болатынына өмірлік тәжірибе, тәрбие, мінез және қарым-қатынас әсер етеді. Алайда астрологтар бұл туралы туған күнге қарап та білуге болады деген сенімде. Біреулер мықты, тұрақты одақ құруға бейім серіктес болып дүниеге келсе, өзгелері — жарқын, тосын мінезді серігіне айналады. Олармен бірге өмір ешқашан жалықтырмайды. Өз-өзіңізге сырттай көз тастап, жұлдыздар сізді қалай сипаттайтынын білгіңіз келе ме? Олай болса, оқи беріңіз.

Егер сіз 1, 10, 19, 28 күні туған болсаңыз

Сізді нағыз муза деуге болады. Сүйіктіңіздің үлкен жетістіктерге жетуіне шабыт сыйлайсыз, оны әрдайым қолдайсыз әрі өз дамуыңызды да ұмытпайсыз. Мұндай әйелдер ерін жаңа деңгейге көтеруге қабілетті.

Егер сіз 2, 11, 20, 29 күні туған болсаңыз

Бұл жандардың үйінде әрдайым тыныштық пен тәртіп орнайды. Олар — нағыз дипломатия ханшайымдары. Серігін тыңдай да, ести де біледі. Қиын сәттерде де әрдайым жанынан табылады.

Егер сіз 3, 12, 21, 30 күні туған болсаңыз

Егер ер адамға ақылшы, кеңесші қажет болса, осы күндері туған әйелдерден артық жар жоқ. Бұл — бүкіл ғаламның құпиясын білетін, тірі энциклопедияға тең келетін нәзік жандар.

Сіздің қандай жар екеніңізді туған күніңіз айтып бере алады

Егер сіз 4, 13, 22, 31 күні туған болсаңыз

Мұндай энергиясы мол әйелдермен бәрі бірдей тіл табыса бермейді. Кейде олар өз серігін көлеңкеде қалдыруы мүмкін. Бірақ олармен бірге өмір қызықты, күлкіге толы және мүлде жалықтырмайды.

Егер сіз 5, 14, 23 күні туған болсаңыз

Бұл әйелдер — сұлулығымен баурап алатын жандар. Таза, сәнді көрініс олар үшін өте маңызды. Бұл ереже жұбайына да қатысты: олар күйеуінің де киімі мен аяқ киіміне мұқият қарайды.

Егер сіз 6, 15, 24 күні туған болсаңыз

Комфорт, жайлылық пен тыныштық — бұл әйелдердің басты сипаттамасы. Олардың жанында бар әлемді ұмытып, жан тыныштығына бөленгіңіз келеді. Олар әр сәттің қадірін бағалауға үйретеді.

Сіздің қандай жар екеніңізді туған күніңіз айтып бере алады

Егер сіз 7, 16, 25 күні туған болсаңыз

Бұл әйелдердің жанында ер адамдар өздерін мықты әрі батыл сезінеді. Олардың бойында сексуалды, еркін энергия бар. Мұндай әйелдер серігін ешқашан әлсіз сезінуге жол бермейді.

Егер сіз 8, 17, 26 күні туған болсаңыз

Бұл күндері туған әйелдерге әрдайым сенуге болады. Кейде олар тым көп жауапкершілік алып, бәрін өз мойнына артып алады. Бірақ қасында мықты ер адам болса, екеуінің тандемі бүкіл отбасын бақытқа жеткізеді.

Егер сіз 9, 18, 27 күні туған болсаңыз

Бұл әйелдер жақындары үшін барлығына дайын. Олардың сүйіктілері әрдайым сенім арта алады, өйткені мұндай әйелдер ешқашан сатпайды. Ең бастысы — оларды бағалау және қорғау.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше