Ай мен жұлдыздың жарқырауы! Айжұлдыз Адайбекова ұзату тойында ерекше образбен көзге түсті. Актриса әрі әнші салтанатты кешке ай мен жұлдыз бейнеленген көк түсті көйлек арнайы тіктірген. Идея авторы – Julie.
Бастапқыда Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекова үлкен той жасамауды ұйғарған болатын. Алайда сырға салу, құдалық, енді, міне, ұзату тойы Алматының төріндегі ең қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті.
Жанар Айжанованың жалғыз қызы маңызды сәттің кадрларымен өзі бөліспесе де, шараға келген жұлдызды қонақтардың Instagram парақшалары Сәкен мен Айжұлдыздың тойының жарқын сәттеріне толды. Ал қонақтардың қатарында шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер жетерлік.