Сәкен Кағаров пен Айжұлдыз Адайбекова той алдындағы рәсімдерді өткізді
Фото. Instagram @aizhuldyz_adaibekova

Сырға салу, құдалық той: Сәкен Кағаров пен Айжұлдыз Адайбекова той алдындағы рәсімдерді өткізді

Гүлдана Мұқан
24 апреля 2025

Экстрим-блогер Сәкен Кағаров пен танымал актриса Айжұлдыз Адайбекованың жеке өмірі көпшілік назарында! Жұрт жұптың шаңырақ көтергенін асыға тосып жүр. Себебі, Сәкен мен Айжұлдыз көңіл жарастырғалы бірге контент әзірлеп, белсенділік танытып келеді. Жыл басында сөз байласқан ғашықтар күні кеше «сырға салу», «құдалық той» рәсімдерін өткізді.

Сәкеннің жақындары қалыңдықтың құлағына дәстүрлі сырға тағу рәсімін жасап, Айжұлдызды ресми түрде “сырғалым” деп атады. Яғни, күйеу жігіттің отбасы болашақ келінге сырға тағып, екі жастың сөз байласқанын көпшілікке жария етті. Бұл сәттің видеоларын Айжұлдыз өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісіп, қуанышын көппен бірге бөлісті .

Құдаларды күтіп алған әнші Жанар Айжанова дәстүр бойынша күйеу баласының иығына қазақы шапан жауып, зор құрмет көрсетті . Халық әртісі әрі аса қуанышты анасы жаңа күйеу баласына ақ тілекпен әзіл аралас батасын беріп, шапанның сәні мен мәнін ерекше атап өтті: «Ел құрметтейтін патшадай болып жүр. Бүкіл ел қызықсын. Қазір бұндай шапан трендте, балам. Күзгі пальтоның орнына киесің. Кез келген киіммен жараса кетеді», деп бөлісті Жанар Айжанова.

Видео. Instagram @saken_kagarov

Видео. Instagram @saken_kagarov










Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше