Қазақша контентімен танылған отандық танымал travel блогерлер
Фото. Instagram @adilet_rakhmetolla

«Әлемді әркімге танытамын»: Қазақша контентімен танылған отандық танымал travel блогерлер

Гүлдана Мұқан
22 апреля 2025

Саяхат — бұл жай ғана уақыт өткізу емес. Бұл — адамның көкжиегін кеңейтіп, ішкі жан дүниесін байытатын ерекше мүмкіндік. Жаңа мекендер мен мәдениеттермен танысу адамды шабыттандырады, ойлануға, өсуге жол ашады. Алайда, шетелге жиі сапар шегу баршаға бірдей қолжетімді емес. Десе де, әлемнің әр түкпірін аралап, сирек кездесетін бағыттарды зерттеп, өз тәжірибесімен бөлісіп жүрген тревел-блогерлер жетерлік.

Бүгін біз сіздерге тек сапалы контент ұсынып қана қоймай, қазақ тілінде еркін жазып, туған тіліміздің өрісін кеңейтіп жүрген танымал тревел-блогерлерді ұсынамыз. Олардың парақшаларынан сіз тың бағыттар, пайдалы лайфхактар мен шабыт алатын әсерлі сапарлар туралы жазбаларды таба аласыз.

Әділет Рахметтолла

@adilet_rakhmetolla

«Әлемді әркімге танытамын»: Қазақша контентімен танылған отандық танымал travel блогерлер

Қазақстан сұлулығын әлемге танытқан тревел-блогер

Әділет Рахметолла — Қазақстанның табиғатын ерекше контенімен көрсетіп жүрген танымал тревел-блогер және видеограф. Ол өзінің Instagram және TikTok парақшаларында еліміздің көркем жерлерін дрон арқылы түсіріп, әлем жұртшылығына таныстырады.

Әділеттің ең танымал видеоларының бірі — Жамбыл облысындағы мак гүлдерімен көмкерілген кең далада шауып бара жатқан шабандоз бейнесі. Бұл бейнежазба Жапонияда кеңінен таралып, бір күнде 400 мыңнан астам қаралым жинап, кейін 800 мыңға дейін жеткен. Жапониялық музыкант Рёхей Терада бұл видеоны Twitter-де бөлісіп, оның танымалдығын арттырды

Әділеттің шығармашылығы шетелдік аудитория арасында да танымал. Алғаш 2016 жылы саяхатқа шыққан блогер қазірге таңда 35 мемлекет аралап үлгерді. Әділеттің Instagram парақшасында 662 мыңнан астам оқырманы бар.

Өркен Кенжебек 

@orkeni

«Әлемді әркімге танытамын»: Қазақша контентімен танылған отандық танымал travel блогерлер

Журналистика мен блогингтің тоғысындағы тұлға

Өркен Кенжебек — қазақ тілді медианың дамуына елеулі үлес қосып жүрген журналист, блогер және қоғам белсендісі. Ол өзінің өткір ойлары мен терең талдауларымен танымал, әлеуметтік желілерде белсенділігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ 62 елді мекенді аралаған тревел-блогер. Өркен Кенжебектің шынайы контенті көптің қызығушылығын оятқан-ды. Әсіресе медиа-тұлғаның тәуекелшілдігі.

Өркен Кенжебек Instagram желісінде @orkeni лақап атымен танымал. Онда ол 232 мыңнан астам фолловеріне түрлі тақырыптағы жазбаларын ұсынып, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікірлерін білдіреді. Оның жазбалары терең талдауларымен және өткір ойларымен ерекшеленеді.

Айбар Төлеубек 

@aibar_toleubekov

«Әлемді әркімге танытамын»: Қазақша контентімен танылған отандық танымал travel блогерлер

Қазақстан табиғатын әлемге танытушы тревел-блогер

Айбар Төлеубек — Қазақстанның көркем табиғатын дрон арқылы түсіріп, әлеуметтік желілерде кеңінен танытып жүрген танымал тревел-блогер. Ол өзінің Instagram парақшасында (@aibar_toleubekov) еліміздің әртүрлі аймақтарының сұлулығын көрсететін бейнелер мен фотосуреттерді жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударған.

Айбардың ең танымал жұмыстардың бірі — Батыс Қазақстанда түсірілген киіктердің бейнесі. Бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көптеген көрермендердің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, ол Катон-Карағай ұлттық паркіндегі көріністерді де дрон арқылы түсіріп, табиғаттың әсемдігін көрсеткен .


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше