«Жетер — дейік бірге»: Луина мен Нора әйелдер жайлы мотивициялық ән ұсынды
Фото. Instagram @luinaofficial

«Жетер — дейік бірге»: Луина мен Нора әйелдер жайлы мотивициялық ән ұсынды


«Жамандайды неге әйелді, кінәлайды неге әйелді… Жетер!»

Луина мен Нора Нұғман күш біріктірді. Қос артист коллаборация орнатып, тыңдарманға жаңа туынды ұсынды. «AIEL» атты композиция — фанаттарға арналған үндеу іспеттес. Әншілер бұл трек арқылы нәзік жандыларды қолдап, оларға дем беруге тырысады.

«Ішіңде күш болса — сақтап қой», — дейді Лу мен Нора. Mood video бас кейіпкері - актриса Сая Оразғалиева. 

Қыз-келіншектерге мотивация сыйлайтын туындының авторы — ESKO лақап атымен танымал музыкант Ескелді Қуандық. Айта кетейік, бүгінде ол жеке шығармашылықпен айналысады. Еске салсақ, Еско бұған дейін Q-pop жанрындағы «Black Dial» тобының құрамында өнер көрсеткен.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше