11 мамыр — мейірім мен махаббаттың мәңгілік символы, яғни Аналар күні! Бұл — өмірдің әр сәтінде қолдау көрсетіп, жүрегінің жылуын аямайтын аналарға алғыс айтатын ерекше күн. Аналар күні тек ресми мейрам ғана емес, бала мен ана арасындағы ерекше байланысқа тағзым ету, ананың ерен еңбегі мен төккен терін құрметтеу күні.
Биыл бұл айтулы дата демалыс күнімен тұспа-тұс келіп, отандық жұлдыздар оны отбасыларымен бірге атап өтті. Бірі аналарына деген махаббатын білдірсе, ана атанған медиа тұлғалар жүктілік кезіндегі эксклюзивті кадрларымен бөлісті.
Назарларыңызда — шоу-бизнес өкілдерінің әсерлі жазбалары мен әдемі фотосуреттері.