Бір фильмде бірден екі кейіпкерді сомдаған актерлер
Фото. Shutterstock.com. Автор. Fred Duval.

Бір фильмде бірден екі кейіпкерді сомдаған актерлер


Голливудта актердің түрлене білу қабілеті жоғары бағаланады. Егіз немесе ұқсас кейіпкерлерді ойнау - мүлде басқа деңгейдегі шеберлікті талап етеді. Мұндай рөлдерде әр образдың мінезі, дауысы, тіпті жүріс-тұрысы арқылы көрерменге екі түрлі адамды көрсету керек. Бұл сыннан сүрінбей өткен танымал актерлер туралы төменде айтып өтеміз.

Роберт Паттинсон — «Микки 17»

Оңтүстік Корей еліндегі танымал режиссер Пон Чжун Хоның дәл осы туындысында Паттинсон бір ғана егіз емес, бірден бірнеше «Микки Барнсты» сомдап шыққан. Оның кейіпкері - ғарыштық экспедицияның «жойылса қайта басып шығарылатын» қызметкері.

Майкл Б. Джордан — «Күнәһарлар»

Райан Куглердің драмасында актер Смоук пен Стак есімді егіздерді сомдайды. Олар туған қаласына оралып, жаңа өмір бастамақ болады, алайда бәрі ойдағыдай жүзеге аспайды. Джордан әр кейіпкердің жеке жүрісін, дауыс мәнерін жасап, олардың үнсіздігін де әртүрлі жеткізе білген. 

Роберт Де Ниро — «Альто рыцарлары»

Актер бұл туындыда мафия басшылары - Вито Дженовезе мен Франк Костеллоны сомдаған. Кейіпкерлер өзара туыс емес, бірақ олардың экрандағы көрініс табатын тартысы өте әсерлі — себебі Де Ниро әр сахнада өзіне-өзі қарсы келеді.

Марк Руффало — «Мен бұл рас екенін білемін»

HBO арнасының драмасы - егіз ағайындылар жайлы ең ауыр сериалдардың бірі. Бірі шизофрениямен ауырады, екіншісі отбасын аман сақтап қалуға тырысады. Руффало алдымен бір кейіпкерді ойнап шығып, бес апта үзіліс жасап, екіншісіне ауысқан. Бұл тәсіл екі түрлі бейнені терең әрі сенімді ашуға көмектескендей.

Линдси Лохан — «Ата-анаға арналған қақпан»

1998 жылғы атақты ремейкте 11 жасар Лохан екі егіз қызды - Холли мен Энниді сомдап, барша көрерменді таңғалдырды. Көпшілік шын мәнінде туындыда екі қыз ойнады деп ойлаған. Әкесінің рөліндегі Деннис Куэйд те бастапқыда оларды егіздер деп ойлап қалған. Лохан британдық және америкалық акценттермен сөйлегенде өзін еркін сезініп, комедияны ерекше актерлік шеберлік сабағы деп қабылдаған-ды.

Леонардо Ди Каприо — «Темір бетперделі адам»

1990-жылдардың соңында Ди Каприо өзінің жауыз бола алатынын дәлелдеді. Александр Дюманың шығармасы желісімен таспаланған фильмде ол Людовик XIV патша мен оның темір бетперделі егіз інісі Филиппті сомдады. 


Автор. Жанел Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше