Канн кинофестивалінің ұйымдастырушылары биыл қонақтар үшін жаңа ережелер енгізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды WWD. Енді қызыл кілемде ашық-шашық көйлектерді, тым кең немесе шлейфі ұзын салтанатты киімдерді көрмейтін боламыз. Бұл талап фестивальдің басқа аймақтарына да қатысты.
Өткен жылы ауқымды іс-шара бірнеше дау-дамаймен есте қалған еді. Солардың бірі доминикандық актриса Массиель Тавераспен болған жағдай. Ол ұзын шлейфі бар көйлек киіп келіп, қауіпсіздік қызметі оны ішке өтуге шақырғанымен, Массиель келіспей, өз образын әлі бәрі көріп үлгермегенін алға тартқан, конфликт туындаған.
Айта кетсек, фестиваль ұйымдастырушылары қызыл кілемдегі қозғалысқа өте мұқият қарайды – кейде жұлдыздарды асықтырып жіберетіні де бар. Олардың пікірінше, көлемді киімдер қозғалысқа кедергі келтіреді. Сондықтан Белла Хадид, Наташа Поли, Ирина Шейк пен Хайди Клум сынды жұлдыздардың ашық көйлектерін енді бұл фестивальде көру екіталай.
Еске салсақ, он жыл бұрын фестивальде тағы бір даулы ереже пайда болған — «флэтгейт». Бұл заң бойынша актрисалар мен танымал әйелдер өкшесіз аяқ киіммен қызыл кілемге шықпауы тиіс. Әйтпесе, оларды ішке кіргізбеуі мүмкін. Мұндай талап бірнеше рет шу туғызған еді. Биыл да сыртқы келбетке қатысты жаңа жанжалдар бола ма екен? Ол уақыт еншісінде.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.