Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?
Фото. Пресс-офис. Cece Jewellery

Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?


Алғашында мөрлі сақиналар ақсүйек әулеттің арнайы белгісі болған: мұндай әшекейлерді тектілердің мұрагер ер азаматтары ғана тағатын. Алайда заман өзгерді. Қазіргі таңда мұндай жүзіктер тек мәртебенің емес, ұқыптылық пен даралықтың символына айналды. Harper’s BAZAAR UK ұсынғандай, көне замандарда мұндай зергерлік бұйымдар хаттарға мөр басу үшін қолданылған, яғни елшіні танудың бір тәсілі болған. Сондай-ақ иесінің зираты тоналмауы үшін сақинаны бірге жерлеу дәстүрі де жасалатын еді.

Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?
Marrow
Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?
Tiffany & Co.

Бүгінде сән қағидалары мүлде басқаша. Енді сәнді мөрлі сақина тағу үшін сізге ақсүйек болудың қажеті жоқ. Стилистер мұндай жүзіктерді минимализмге бет бұрған зергерлік трендтің үлкен бір бөлігі деп санайды. Көптеген жұлдыздар да мұндай перстеньдерді жиі тағып жүреді — бұл сұраныстың өзектілігін айқын дәлелдейді. Айта кетейік, кейбір брендтер арнайы тапсырыспен бағалы металдардан жеке дизайндағы сақиналар жасап бере алады. Оларға сіз үшін маңызды күндерді, құпия белгілерді, сүйіктіңіздің есімін немесе тіпті итіңіздің атын қашап жаздыруға болады. Осылайша, сырт көзге қарапайым көрінетін әшекей терең мағынаға ие, тіпті сентименталды дүниеге айналады.

Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?
David Yurman
Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?
Tiffany & Co.
Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?
Yvonne Léon
Неліктен мөрі бар сақиналар қайта сәнге айналды?
Alexander McQueen

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше