«Жамандайды неге әйелді, кінәлайды неге әйелді… Жетер!»
Луина мен Нора Нұғман күш біріктірді. Қос артист коллаборация орнатып, тыңдарманға жаңа туынды ұсынды. «AIEL» атты композиция — фанаттарға арналған үндеу іспеттес. Әншілер бұл трек арқылы нәзік жандыларды қолдап, оларға дем беруге тырысады.
«Ішіңде күш болса — сақтап қой», — дейді Лу мен Нора. Mood video бас кейіпкері - актриса Сая Оразғалиева.
Қыз-келіншектерге мотивация сыйлайтын туындының авторы — ESKO лақап атымен танымал музыкант Ескелді Қуандық. Айта кетейік, бүгінде ол жеке шығармашылықпен айналысады. Еске салсақ, Еско бұған дейін Q-pop жанрындағы «Black Dial» тобының құрамында өнер көрсеткен.