Қазіргі таңда Зендеяның актерлік мансабы шарықтап тұрғаны жасырын емес. Түрлі рөлге ұсыныстар, ауқымды шаралардың қызыл кілемінде жарқырап бой көрсету, сондай-ақ, әлемдік басылымдар үшін арнайы түсірілімдер, бірінен соң бірі қарбаласып жатыр. Мега жұлдыз қолы тигеннің бәрін алтынға айналдырып жүргеніне қарамастан, әсерлі, шытырман оқиғалармен оңаша қалуға уақыт табады. Назарларыңызда Зендеяның барлық сүйікті кітаптары.
Уильям Шекспир, «Он екінші түн»
Шекспирдің ең атақты комедияларының бірі әр адам өзінің шынайы махаббатын таба алатын Иллирия елі туралы баяндайды. Алайда бәрі кейіпкерлер күткендей оңай бола бермейді. Бір сұхбатында Зендеядан культтік жазушының қай кейіпкері ұнайды деп сұрағанда, ол осы туындыдағы Виоланы атаған болатын.
Лоис Лоури, «Сыйлаушы»
Джонас өмір сүретін әлемде қайғы да, дауыл да, соғыс та жоқ. Алайда бұл дүниеде әр адам өз тағдырын өзі таңдай алмайды — оны Ақсақалдар шешеді. Басты кейіпкердің кезегі келгенде, ол естеліктерді қабылдаушы атанады. Сол сәттен бастап Джонас шынайы әлем туралы көп нәрсе біледі. Бұл оның өмірін түбегейлі өзгертеді.
Нельсон Мандела, «Еркіндікке дейінгі ұзақ жол»
Культтік лидердің автобиографиясы танымал жұлдызды өзінің шынайылығымен баурап алған-ды. Мандела бұл еңбегінде өзі арқалаған ауыр сынақтар мен түрмеде өткізген жылдары туралы, сондай-ақ оны үмітсіздікке бой алдыртпаған рух күші жайында баяндайды.
«Мен өмір бойына бас бостандынан айырылу шынымен өмірдің соңына дейін түрмеде отыруды білдіретінін ешқашан ойламаппын. Мұндай ойды қабылдау тым ауыр болғандықтан, мүмкіндігінше одан бас тарттым. Бірақ мен бір күні көк шөптің үстінде, күн астында еркін адам ретінде қайта жүріп өтетінімді білдім», — деп жазған еді Мандела.