Ханшайым Диананың сән әлеміндегі ережелері
Фото. Getty Images. Автор. Princess Diana Archive.

Ханшайым Диананың сән әлеміндегі ережелері


Леди Ди – нағыз реформатор болған еді. Бұл оның іс-әрекеттері мен міндеттеріне ғана қатысты емес, сән әлеміндегі өзгешелігіне де байланысты. Көпшіліктің жүрегін жаулаған  патшайымның өлімінен соң 27 жыл уақыт өтсе де, ұлы тұлға сәнқойларға арнап нақтыланбаған ережелерді үйретіп кетті. Бір қызығы ол әлі күнге дейін іске асып жүр. Біз Диана ханшайымның стиль ережелерін Harper's BAZAAR Бразилиядан білдік және оны сізбен бөлісуге асықпыз.

Киімді бірнеше рет кию — қалыпты нарсе

Ақсүйектер әулетінің мүшелері де сүйікті киімдерін әртүрлі шараларда кие алады. Иә, сол заманда экология мәселесі қазіргідей маңызды болмағанымен, Диана табиғатты қорғауды алға тартатын. Мысалы, Леди Ди монохромды жейдесін қара және ақ шалбарлармен, былғары белдікпен үйлестіріп киген.

Киім арқылы ойды жеткізуге болады

Аңызға айналған «кек көйлегін» еске түсіріңіз. 1994 жылы Диана корольдік протоколды бұзып, ресми қабылдауға қысқа қара көйлекпен барған. Бұл оның үндеуі іспеттес дерсің, себебі сол кезде ол Чарльзбен ажырасып жатқан еді, ал Чарльз қоғам алдында опасыздығын мойындаған болатын.

Спорттық эстетика

Ханшайым Диананың стильдегі ережелері
Фото. Getty Images. Автор. JOHNNY EGGITT

Миллиондаған халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алған ханшайым қарапайым спорттық киімдерді өте жақсы көретін. Бүгінде сәнқойлар дәл сол бағытты қайта жаңғыртып жүр. Айта кету керек, Диана өткен ғасырда-ақ теннис кроссовкаларын трендке айналдырған алғашқы адамдардың бірі болды. 

Неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсырақ

Диана көбіне тым жарқын киімдерден бас тартып, күнделікті өмірде қарапайым әрі ыңғайлы образдарды ұнататын. Ол тар шалбарлармен жакеттерді, классикалық элементтер мен жоғары сән үлгілерін шебер үйлестіре алды. 

Жақсы аксессуар кез келген образды құтқарады

Ханшайым Диананың стильдегі ережелері
Фото. Getty Images. Автор. JOHN STILLWELL

Ханшайым Диананың стиль ережелерінің бірі — жақсы таңдалған аксессуар кез келген киімді ерекше ете алады. Ол мұны 1996 жылы Met Gala кешінде дәлелдеді: қою көк түсті көйлек киіп, оған үйлесімді үлкен жақұт тасты інжу алқа таққан болатын.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше