Жұлдыздардың үйлері, әдетте, өздерінің ауқымымен және бірегей дизайнымен тамсандырады. Дегенмен, көпшілігі мұқият күзетілетіндіктен, оларды сыртынан тамашалау да оңай емес. Десе де, көпшілік алдында жүрген танымал тұлғалар мекеніне аяқ басудың әлдеқайда жеңіл жолы бар – бұл үйді заңды түрде жалға алу.
Сара Джессика Паркердің жағажайдағы үйі
Ист-Хэмптондағы коттедждің интерьері мен экстерьері теңіз стилінде жасалған, мұнда ақ, көк және құм түстері басым. Үйде үш түрлі жатын бөлме, камині бар қонақ бөлме, шағын ас үй, веранда мен артқы аула бар – бәрі де қала у-шусынан аулақ тыныштықты сезінуге мүмкіндік береді. Сара бұл үйді соңғы рет бар-жоғы 20 долларға 2 түнге жалға ұсынған болатын.
Леонардо Ди Каприоның жеке мүлкі
Леонардо Ди Каприоның Палм-Спрингстегі сәнді үйінде алты
жатын бөлме, бассейн, теннис корты, спа-орталық және ашық каминдер орналасқан.
Мұнда салқын кештерде жатар алдында шай ішуге болады. Жалға алу құны түніне
3750 доллардан басталады.
Стингтің итальяндық вилласы
Стинга мен жұбайы Труди Стайлерге тиесілі 16-ғасырдағы дәл осы вилласы – көркем табиғат, 900 акрға созылған зәйтүн бақтары мен Еуропа аймағының сиқыры. Мұнда дыбыс жазу студиясы, балалар алаңы, теннис корты және консьерж қызметі бар. Жұлдызды жұп жаз мезгілін осында өткізгенді ұнатады, ал жылдың қалған уақытында үйді жалға алуға болады. Бағасы қонақтардың санына байланысты өзгереді.
Хью Джекманның Хэмптондағы үйі
2023 жылдың қаңтарында актер Хью Джекман мен жұбайы Деборра-Ли Фернесс қыс айларында Ист-Хэмптондағы үйлерін жалға беретінін хабарлады. Теңіз жағасындағы бұл үйде бес жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, бассейн, спа және Гардинер шығанағына керемет көрініс бар. Бағасы – түндігіне 5555 доллар.
Таунхаус Нью-Йорктегі Лурман базасы
Көріп отырғаныңыздай, жұлдыздардың үйлерін жалға алу кей жағдайда қолжетімді. Мәселен, бір голливудтық режиссер өз үйін түндігіне 1833 долларға ұсынуға дайын. Үшінші қабатта үш жатын бөлме мен екі жуынатын бөлме бар, ал төртінші қабатта жеке қонақ бөлмесі, бар, жаттығу залы, жатын бөлме мен жуынатын бөлмесі бар люкс орналасқан.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан.