Миллиондаған көрермені бар атышулы «Черный двор» веб-сериалының бас кейіпкерлерінің бірі әке атанды! Нақтырақ айтсақ, Ақжол Пірімбеттің жары күні кеше босанды. 2024 жылы жазда шаңырақ көтерген кино жұлдызы мұндай жағымды жаңалығын өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Ол «Қош келдің өміріме», - деп жаңа туған нәрестенің суретін жүктеп, әйелі Алина Бақбергеноваға алғысы мен шексіз сүйспеншілігін білдірді. Еске салсақ, Ақжол «Черный двор»-да бой көрсеткен жігіттердің ішінде алғаш болып үйленгендердің бірі.