Соңғы кездері бьюти-индустриядағы жаңа трендтер макияжға деген құштарлық пен тері күтімін біріктіре бастады. Tubing mascara — соның бірден бір мысалы. Бұл тенденцияны мүлде жаңа деп айту қиын, бірақ қазір бәріміз сұлулық пен түрлі тәжірбиені біріктіретін инновациялық өнімдер туралы жиі ести бастадық, - Harper’s BAZAAR France мәліметінше.
Tubing техникасы бізге Оңтүстік Кореядан келген. Кәдімгі тушь көбіне балауыз бен силиконнан жасалса, tubing тушінде арнайы полимерлер бар — олар әрбір кірпікті қаптап, оны түтікше тәрізді етеді (сондықтан да аты — tubing). Мұндай өнімнің бірқатар артықшылықтары бар: көзді тітіркендірмейді, оңай жағылады және ең бастысы — жай ғана сумен оңай жуылады.
Тушь құрамында қоректік майлар бар, сондықтан ол кірпіктерге жақсы күтім жасай алады. Ал көз айналасындағы тері жұмсақ әрі сау күйінде қалады, өйткені оны енді ваттамен ысқылаудың қажеті жоқ.
Қазіргі таңда көптеген брендтер бұл технологияны өз өндірістеріне енгізе бастады. Сондықтан жақын арада tubing тушінің кең таралып, шынайы революция жасайтыны анық.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.