Актриса әрі кинопродюсер, бүгінде коуч-мотиватор Әсел Сәдуақасова желіде жан сырын ақтарды. Instagram парақшасында 1,4 миллион оқырманы бар кино жұлдызы бұрыңғы күйеуі - маркетолог-стратег Мағжан Тлеухановпен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты. Әселдің айтуынша экс-жұп ажырасқаннан кейін дос болып қала алмапты.
«Біз кез келген байланысты толығымен үздік және бұл біраз уақыт бұрын болды. Бастапқыда дос болып қала береміз деп ойладық, бірақ мен бірден бұлай болмайтынын түсіндім. Қоштасу процесін қабылдау одан да қиын болар еді. Ал бұл – қарым-қатынастың аяқталуындағы ең ауыр сәт», – дейді Әсел Сәдуақасова.
Десе де актриса бүгінде бұл шешімге еш өкінбейтінін де айта кетті:
«Ешқандай өкініш жоқ. Барлығы әрқашан қайырлы. Мен бұған сенемін және өмірімде мұндай шешімдер дұрыс болғанын талай мәрте көрдім. Ең бастысы – ажырасудан кейін қанша қиын болса да, психикалық тұрғыда өзімді жақсырақ сезіндім: денсаулығым, ішкі жағдайым, жалпы өмірім өзгерді. Бұл – жақсы белгі. Қазір өмірімнің жаңа кезеңі басталды. Мен бұған өте қуаныштымын», – деп бөлісті актриса.