«Әйеліме арналған бал айы!» Сәкен Қағаров шет елдегі демалысын дәл осылай атады. Travel-блогер жары Айжұлдыз Адайбековамен Мальдив аралдарына аттанды. Таяуда ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар жағажайдан сәлем жолдап, фолловерлеріне эститикалық кадрлар көрсетті. Теңіз, дәмді ас және оңаша өткізген уақыт. Сәкен құны 4000$-ға бағаланатын вилланға room-tour жасаса, Julie айналасындағы әдемілікті көрсетті. Ал актрисаның контенті «менің көзіммен» деп аталады.