«Мінезің қандай?
Найзағай кеп соққандай...»
ACE-тен тағы бір релиз! «Ninety One» тобының мембері Азамат Ашмақын соло мансабына мықтап кіріскендей. Музыкант жеке шығармашылығындағы кезекті трегін жарыққа шығады. «MINEZIN» атауына ие болған композиция – барлық нәзік жандыларға арналған. Ән - қыздардың мінезі, болмысы, табиғаты және көңіл күйі жайлы.
Азамат сондай-ақ, туындыға арнап official visualizer таспалады. Ал басты рөлде ACE пен бейтаныс ару. Клип режиссері - Арлан Оразәлі.