«Мен ішкі әлемімді үнсіз сақтап келдім. Бұлтты аспан секілді тұнық көрінсем де, ішімде көп нәрсе бүгіліп жатты. Енді сол бұлттар сейіліп, жарығым көрінсін деймін...»
Бұл Азамат Ашмақынның жан сыры. «Ninety One» тобының мембері ACE жеке шығармашылығына арналған кезекті трегін жарыққа шығарды. Аза ұсынған ән – «Minezin Kandai?» деп аталады. Жаңа композицяның желідегі контентіне «91»-лік жігіттердің барлығы да атсалысқан. Instagram парақшасына арнап жазған жазбасына қарағанда музыкант new релиз арқылы жан дүниесіндегі ішкі эмоцияларымен бөліспек. Ал туындыдағы кейіпкердің кім екені әзірге белгісіз...