SSS SABINA Канн кинофестивалінде! Блогер голливуд жұлдызы Том Крузбен бірге көзге түсті!
Фото. Instagram @sss.sabina

SSS SABINA Канн кинофестивалінде! Блогер голливуд жұлдызы Том Крузбен бірге көзге түсті!


Қазақтар биыл да әйгілі Канн кинофестивалінің төрінде! Отандастарымыз арасынан Сабина Мовлаева қадірменді меймандар арасынан табылды.

Ғаламторда ауқымды аудиториясы бар блогер өзінің Instagram парақшасында шараның атмосферасын көрсетіп, қызыл кілемдегі әдемі контентін жүктеді.

Бір қызығы, SSS SABINA Канн кинофестивалінде атақты актер Том Крузбен бірге көзге түсті. Соңғы кездері актрисалықты да қолға алып үлкен экрнаннан түспей жүрген медиа тұлға голливудтың мега жұлдызымен бірге фотоға түскен.

Актриса red carpet-те сары түсті жарқын көйлекпен бой көрсетті. Сылқымның шарадағы образын әзірлеген отандық бренд – ARUNAZ сән үйі. Дизайнері – Назым Қарпықова. Ал кешкі асқа Сабина қара түсті look таңдап алған. 

Видео. Instagram @sss.sabina
Видео. Instagram @sss.sabina
Видео. Instagram @sss.sabina

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше