Биыл Канн кинофестивалінің ұйымдастырушылары арандатушы стильдер мен даулы образдардан шаршап, қонақтар үшін жаңа дресс-код енгізген еді. Енді танымал тұлғалар қызыл кілемде «жалаңаш» ашық-шашық көйлектермен және ұзын шлейфтермен бой көрсете алмайды. Алайда, бұл ережені бұзған жұлдыздар да табылды. Дегенмен, кей образдар сол тәуекелге лайық болғандай. Ендеше, әйгілі фестивальдің ашылу салтанатында танымалдар киген әсерлі киімдерге көз жүгіртейік.
Бұрыннан «бунтарка» ретінде танылған Хайди Клум бұл жолы да ешкімді ренжітпей, қызыл кілемде жарқырады. Оның Elie Saab брендіндегі образы бірден көздің жауын алады.
Фестиваль төрайымы Холли Берри шараға Jacquemus сән үйінің образын таңдаған. Айта кетейік, «Бұлтты атлас» фильмінің жұлдызы бұл киімді соңғы сәтте таңдағанын мойындады. Алдыңғы көйлегінде ұзын шлейф болғандықтан, ол жаңа дресс-кодты бұзғысы келмеген.
Голливудтағы ең стильді ер азаматтардың бірі, актрисаның әріптесі Джереми Стронг Loro Piana бренді ұсынған күлгін-раушан түсті костюммен келді.
Биыл Белла Хадидті ұзақ күтуге тура келген жоқ. Модель жаңа шаш түсімен, Saint Laurent көйлегімен және Chopard зергерлік бұйымдарымен көзге түсті.
Итальяндық модель Паола Турани Tony Ward Couture сән үйінің көйлегіне таңдау түсірген.
Канн фестивалінің жарқын жұлдызы Алессандра Амбросио Zuhair Murad сән үйінің кутюрлік топтамасының жаңа көйлегін киіп келген.
Итальяндық актриса Альба Рорвахер де көптеген жұлдыздар сияқты қара түсті таңдады. Оның образы Chanel командасының туындысы.
Каролин Даур Atelier Emé брендінен ақ көйлек киіп, өзін қалыңдық кейіпінде көрсетті.
Росси Де Пальма жакет-көйлек киіп, оны желпуішпен үйлестіре алған.
Тамара Ральф Couture сән үйінің киіміндегі Ева Лонгориядан көз алмай қарау мүмкін болмады.
2025 жылғы Канн фестивалінің тағы бір төрайымы — Жюльет Бинош Jacquemus образы арқылы ерекшеленді.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.