Сонымен, сіз сүйіктіңізбен мәңгілікке сөз байласып, енді өміріңізді бірге өткізуге дайынсыз дерлік. Ең бастысы – үйлену тойына дейінгі процесс кезеңінен оңай өтіп шығу. Тойды қай жерде өткізесіз? Қанша қонақ шақырасыз? Үстел безендірілуі қандай болмақ? Мәзірге не тапсырыс береміз? Осы сияқты маңызды сұрақтар бірінен соң бірі туындайды. Мұндай сәтте бастысы – сасқалақтамау және маңызды күнге дайындық кезінде жиі жіберілетін қателіктерге жол бермеу. Айтпақшы, дәл осы олқылық жайында айтып бермекпіз. Себебі ескертілген адам – қаруланған адам.
Бір-біріне ашулану
Тойға дайындық кезінде жас жұбайлар күйзеліс болатыны сөзсіз. Өкінішке қарай, мұндай сәттерде адамдар ең жақын жандарға, соның ішінде сүйікті жарларына ренжіп қалуы мүмкін. Бұдан сақтану үшін бір-біріңізді қолдап, ішкі күйіңізді бөлісіп отырыңыздар.
Шешім қабылдаудан қорқу
Үйлену тойы – қалыңдық пен күйеу жігіттің жеке мейрамы. Демек, бұл күні қандай ережелер болатынын да екеуі бірге шешуі тиіс. Тойда ішімдік бола ма? Конкурстар мен жүлделер қажет пе? Жүргізуші міндетті ме? Мұның бәрін сіз өз қалауыңызға сай шеше аласыз.
Серіктестің пікірін ескермеу
Үйлену тойын ұйымдастыру кезінде екі тараптың да пікірі маңызды. Себебі бұл – екеуіңіздің ортақ мейрамыңыз. Сондықтан армандағы той қандай болуы керек екенін бірге талқылап, өзара ымыраға келуге тырысыңыздар.
Кездесулерді ұмыту
Салтанатты шараға дайындық қызған шақта да сүйіктіңізбен жиі кездесіп тұру маңызды. Бірге өткізген жақсы сәттер күйзелісті азайтып, қарым-қатынастарыңызды одан әрі нығайта түседі.
Insider ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан.