Baqytty Bol: ACE соло әнші ретінде дебюттық альбомын ұсынды! Ал кезекті бейнебаян қалай шықты?

27 декабря 2024

ACE тыңдарманына бақыт тілейді! «Ninety One» тобының мембері соло мансабындағы алғашқы альбомын ұсынбақ. Өнерпаз тырнақалды үнтаспасына енген тректердің бірін жарыққа шығарды. Азамат Ашмақын «Mahabbat» атауына ие болған туындысына бейнеклип те таспалаған.

Official music video-дан Азамат Ашмақынның Корей еліндегі саяхатын көре аласыз. Ал ACE-тің «Baqytty Bol» альбомы желтоқсан айының соңына дейін тұсауы кесіледі. EP форматында жазылған ән жинаққа 6 трек кірген. Атап айтқанда: «Ertegi», «Tunimenen», «Qushaq», «Mahabbat», «Okpeleme» және «Oiymdagy dunie».

27 желтоқсан күні болатын премьера - Жаңа жыл мерекесіне қарсы EagleZ үшін сыйлық болары анық.

https://www.youtube.com/watch?v=DTGGD5lJmz0

Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @acetagrammy 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше