9-15 маусым аралығында жұлдыздар ішкі тепе-теңдікке келіп, шешімді ойланып қабылдауға кеңес береді. Бұл – істерді реттеп, жақындарыңызбен ашық сөйлесуге және көптен бері бата алмай жүрген қадамға баруға тиімді уақыт. Бірақ әркімге арналған жол – әрқалай. Толығырақ апталық жұлдыз-жорамалдан оқыңыз.
Тоқты
Осы апта бұрыннан бері ойда жүрген идеяларды жүзеге асыруға таптырмас мүмкіндік әкеледі. Сізге жаңа серпін мен шабыт беріледі, ол шығармашылық жобаларды іске асыруға көмектеседі. Креатив кімнің қолында екенін көрсететін сәт.
Торпақ
Бұл кезең мансапта нақты жетістіктер әкелуі мүмкін. Бірақ ұсақ-түйекке, әсіресе құжаттармен жұмыс істегенде, мұқият болыңыз. Ең бастысы – асықпаңыз. Бар нәрсе өз уақытында орындалады.
Егіздер
Айналыңызда болып жатқан жағдайларға жеңілдікпен және әзілмен қарауға тырысыңыз. Қапалану мен ренішті жауын-шашынды күндерге қалдырыңыз. Қазір, күн жарқырап тұрғанда, өмірден барынша ләззат алып, күлімдеуіңізбен айналаңызды нұрландырыңыз.
Шаян
Бір сәтте тау қопарып тастағыңыз келуі немесе күтпеген жерден сырт келбетіңізге күрт өзгеріс енгізгіңіз келуі мүмкін. Бірақ мұндай асығыс қадамдар әзірге қажет емес. Ішкі импульске ерік бермей, сабыр сақтауға тырысыңыз.
Арыстан
Басқалардың көмегінен бас тартпаңыз. Егер шын мәнінде қолдау керек болса, шынайы достар әрдайым жаныңыздан табылады және дұрыс бағыт көрсетеді. Сіз ешкімге салмақ салмайсыз.
Бикеш
Бикеш әйелдерге алдағы күндері ауқымды жоспарлар құруға кеңес берілмейді. Өмірдің баяу да үйлесімді ырғағына бой ұрып, осы тыныш сәттерден ләззат алған жөн.
Таразы
Адамдармен қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра білу – табысқа жетудің кілті. Дегенмен, тым қатал бақылау мен басшылық етуге құмарту жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Басқару мен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз.
Сарышаян
Жақсы білім мен тәжірибесі бар, ақылды адамдармен көбірек араласуға тырысыңыз. Олар сізбен құнды тәжірибесімен бөліседі, бұл болашақта өз жемісін береді.
Мерген
Өткенде кеткен қателіктерді түзетуге осы аптаны арнаңыз. Шешілмей қалған мәселелер мен аяқталмаған әңгімелерге нүкте қойыңыз. Өміріңізге жаңа мүмкіндіктерді кіргізу үшін жолды тазалаңыз.
Тауешкі
Сезімге ерік беру – осы аптада сіз үшін қиындық тудыруы мүмкін. Медитациямен айналысыңыз, тыныс алу жаттығуларын жасаңыз немесе спортпен шұғылданыңыз – ішкі күйзелісті жеңілдетуге біреуі міндетті түрде көмектеседі.
Суқұйғыш
Маңызды істерге басымдық беріп, уақыт пен күшіңізді тек нәтиже әкелетін бағыттарға жұмсаңыз. Өз-өзіңізді алдап, тек оңай істерге ден қоймаңыз, әйтпесе кейін әлдеқайда көп шаруаны реттеуге тура келеді.
Балықтар
Бұл кеңес сізге де қатысты, Балықтар. Энергияны шашыратпай, нақты бір бағытқа жұмсағаныңыз жөн. Апталық жұлдыз жорамал сізге тек бір іске назар салып, барлық ресурсты соған арнауға кеңес береді.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.