Маусым айының астрологиялық ғылым сізге қандай салада белсенділік танытып, қай жерде абай болу керектігін және қай сәтте өмір ағымына еркін еру қажет екенін көрсетеді. Жаз маусымға арналған жұлдыз-жорамалы әрбір зодиак белгісіне жеке ұсыныстар беріп, айды үйлесімді, пайдалы және ішкі тыныштықпен өткізуге көмектеседі.
Тоқты
Жаз мегзілінің алғашқы айында сіз үшін өзін-өзі дамыту мен өсуге кең мүмкіндіктер ашылады. Әсіресе, бұл жалғыз сапарға шығатындар үшін маңызды болмақ. Жолда болу арқылы болашаққа қатысты ойларды саралап, жаңа деңгейге көтерілу мүмкіндігі туады.
Торпақ
Соңғы бірнеше ай не жыл бойы мазалаған мәселелерді шешуге қол жеткізесіз. Бірақ жоспарларыңызды өзгелермен бөліспей, алдымен барлығын тындырып алған жөн. Содан кейін ғана жаныңызды тыныштандырып, жаздың қалған бөлігін рақатпен өткізе аласыз.
Егіздер
Шынайы сенім мен белсенді әрекет — сіздің армандарыңызды жүзеге асыратын басты құрал болады. Неғұрлым көп күш салсаңыз, жетістік те соғұрлым жылдам келмек.
Шаян
Сізге белгісіз біреудің жасырын қамқорлығы сезілуі мүмкін. Бұл адам сізді қолдап, сақтап жүреді, бірақ өзі жайлы білдірмейді. Оны анықтауға тырыспай-ақ қойғаныңыз дұрыс шығар.
Арыстан
Үлкен өзгерістер орын алу үшін ең кемі алғашқы қадам жасау керек. Бір орында тұрып қалу — сізді алға жылжытпайды. Ең алдымен айналаңызды тазалап, кейіннен пайдалы әдеттер енгізуді бастаңыз.
Бикеш
Айдың басында адреналинге деген тосыннан туған құмарлық сезілуі мүмкін. Бұл тілекті арнайы қауіпсіз орындарда қанағаттандырған жөн. Бірақ парашютпен секіру сияқты әрекеттерге бел буар алдында үш рет ойланыңыз.
Таразы
Серіктесіңізге аздап еркіндік беріп көріңіз. Мүмкін, сіз қазір тым қатаң бақылауда ұстап отырған боларсыз. Ал ол өз адалдығын дәлелдеуге дайын. Есіңізде болсын, сіздікі — ешқайда кетпейді.
Сарышаян
Өзіңіздің бұрынғы қалпыңызға оралатын сәт келді. Соңғы кезде ұйқы, тамақтану және ой-сана режимін жоғалтып алдыңыз. Барлығы ойдан басталады — сонда өмірдің басқа салаларын да ретке келтіру оңайырақ болады.
Мерген
Бұл айда сіздің жеке өміріңізде ақ жолақ басталады. Курорттық ыстық маусым басталуы мүмкін. Ал қазірден жұп болып жүргендер де қарым-қатынастан жағымды әсер алады.
Тауешкі
Үй мен жұмыс кеңістігінде тәртіп орнатып, барлығын жүйелеуге деген ниет туады. Жайлылық пен ыңғайлылықты арттыру үшін бар күшіңізді салуға дайын боласыз. Бұл — маусымда айналысуға ең тиімді шаруа.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар бұл кезеңде белсенді түрде араласады. Достармен, туыстармен және таныстармен қарым-қатынас көбейеді. Сіз жаңалықтардан хабардар болып, күнделікті шаруаларды жеңіл атқарасыз.
Балықтар
Маусым айы қаржылық мәселелерді, әсіресе отбасылық бюджетті реттеуге ыңғайлы кезең. Іскерлік белсенділік табыс әкеледі, ал ақша табу мүмкіндіктері өздігінен пайда болады. Айтпақшы, бұл — жөндеу немесе құрылыс жұмыстарын бастауға да таптырмас уақыт.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.