Дәл осы ңғайлы аяқ киімдер 2025 жылдың жазында белсенді саяхаттарда таптырмас көмекшіге айналады
Фото. Пресс-офисы марок

Дәл осы ңғайлы аяқ киімдер 2025 жылдың жазында белсенді саяхаттарда таптырмас көмекшіге айналады


Жаңа елге саяхатқа немесе Еуропа, Америка не Азия қалаларын аралауға дайындалғанда, әдетте бірінші билет пен виза жайлы ойлаймыз. Бірақ назар аударуды қажет ететін тағы бір маңызды нәрсе бар — ол ыңғайлы аяқ киім. Көп адам бұл мәселеге мән бере бермейді, алайда сіз, сөзсіз, өзіңізге алғыс айтасыз, егер бірнеше сағат бойы көрікті жерлерді аралап, тар көшелермен серуендейтін болсаңыз. Міндетті түрде тек кроссовки немесе кедимен шектелудің қажеті жоқ: бұл нұсқаулықта сізді ыңғайлы сабо, мюли, сандал, балеткалар, тәпішке және тіпті етіктер (солтүстік елдерге саяхаттар әлі де өзекті) күтеді. Ыстық күндері аяқтың тыныс алуы да маңызды, сондықтан ашық үлгілер өте қолайлы болады. Аяқ киімдер жақсы амортизацияға және табанға қолдауға ие, теріні қажамайды және жазғы гардеробыңызды сәнді толықтырады.

 Harper's BAZAAR ұсынған материалдың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз. 


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше