Әдемі кештерге арналған ерекше образдар: 7 айрықша идея
Фото. Spotlight

Әдемі кештерге арналған ерекше образдар: 7 айрықша идея

15 декабря 2025

Желтоқсан айы әрдайым кештер, салтанатты шаралар мен мерекелік банкеттердің уақыты болып саналады. Биыл да бұл дәстүр өзгерген жоқ. Жылдың соңғы айы 2025 жылға тән энергияны да, 2026 жылды қарсы алуға деген жігерді де бойына сіңіріп тұр. Алда сізді алдын ала жоспарланған іс-шаралармен қатар, тосын кештер де күтеді. Жылдың бұл сиқырлы мезгілі ерекше дайындықты талап етеді. Сондықтан Harper’s BAZAAR Kazakhstan кештерге арналған стандарттан тыс, есте қаларлық образдарды қалай құрастыру керегін көрсетіп, сіздермен бөліседі.

Кеңсе ханшайымы

Егер жұмыс күніңіз әріптестермен өтетін кешке ұласып кетсе, бірнеше ұтымды тәсілді ескерген жөн. Әрине, ең алдымен — аксессуарлар. Айқын сырғалар мен мех шарф образды бір сәтте өзгертіп жібереді. Тағы бір нұсқа — тек үстіңгі бөлікті ауыстыру: қатаң жакетті мерекелік блузаға немесе жарқын блейзерге алмастыру.

Мың бір түн

Көпшіліктің пижамалар сәннен шығып кетті деген ойы қате. Керісінше, оларға деген қызығушылық әлі де жоғары. Қысқа жібек жамылғы, еркін төгілетін топ және барқыт шалбар — кез келген шараға лайық мінсіз трио. Әрине, мұндай образда ұйықтау мүмкін емес, бірақ ол ұйқыға арналмаған да.

Сеньора тек Prada киеді

Мұндай аутфит Prada шоуында еркін көрінуі мүмкін: классикалық пальто, аргайл өрнекті свитер, пайеткалармен безендірілген белдемше, қолғаптар және lady like стиліндегі сөмке. Бір жағынан, бұл образда аса мерекелік элементтер жоқ сияқты, алайда ең бастысы — киім емес, көңіл күй.

Lit de Parade

Британ корольдік отбасының стиліндегі «лукты» жасау ойлағаннан әлдеқайда оңай. Негізге ұстамды, бірақ салтанатты заттарды алыңыз: мысалы, жылы кашемир кардиган мен атлас шалбар. Ал шашқа тағылған үлкен бантик пен інжу алқа образға ақсүйектік реңк қосады.

Ханшайым-қалыңдық

Қысқа мех пальто кез келген образды бірден салтанатты етіп көрсетеді. Ал нәзік, әйелдік көйлекпен үйлестірсеңіз — әсері тіпті күшейе түседі. Образды шамадан тыс жүктемес үшін аксессуарларды бір түсті палитрада таңдаңыз.

Жұлдыздардан да жарық

Егер кеңседе жарқыл жеткіліксіз деп ойласаңыз, өзіңіз соның орталығына айналыңыз. Көз тартарлық белдемшені қысқа жеңді кашемир свитермен, лаконикалық туфлимен және бірнеше айқын детальмен толықтырыңыз: қызыл далап пен алтын түсті білезік жеткілікті.

Түңгі жарық

Кештерге арналған ерекше образдар бірнеше батыл элементті қатар үйлестіре алады. Мысалы, алтын мен күмісті. Нөлінші жылдардан қалған бұл стильдік әдіс 2025 жылы қайтадан трендтің шыңына шықты. Ең бастысы — образға дұрыс база таңдау: еркін блуза мен қатаң пішінді тік шалбар.

Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше