Минималистік қысқы образдар құрастыру расында да қиын емес. Ең бастысы — стилизацияның негізгі тәсілдерін есте сақтау: қабаттылық және монохром. Сонымен қатар образға көлем мен ерекшелік қосу үшін текстуралармен ойнаудан қорықпаңыз. Бірақ мұның бәрін сіз онсыз да білесіз. Сондықтан Harper’s BAZAAR Kazakhstan суық маусымға өз нұсқаларын ұсынып көрмек.
Сүт түстерінің
тарихы
Кремді және базалық палитралар өзара өте үйлесімді. Жылулықты сақтау үшін ұстамды силуэттер мен қабаттауға мән берген жөн. Аксессуарларды да ұмытпаңыз — кейде дәл солар аутфиттің көңіл-күйін толығымен өзгертіп жібере алады.
Кәсіби бағыт
Офистік образдармен бәрі әлдеқайда оңай: егер жұмыс орнында дресс-код болса, киім таңдауды жылдам шешуге болады. Жейде мен джинсы — заманауи стильдің жақсы мысалы. Ең суық күндері пальтоны еркін куртка немесе паркаға ауыстырып, образды шарфпен толықтыра аласыз.
Шексіз мүмкіндіктер
Трикотаждың мүмкіндіктері, шынымен, шексіз. Дизайнерлер мұны жақсы біледі және жыл сайын бізді «ілгішке іледі» (жақсы мағынада). Ал біз қуана-қуана кең әрі дене бітімін әдемі көрсететін кардигандар мен трикотаж белдемшелерді, тіпті кеңсеге де киіп жүреміз.
Барлығы — шоколад түсте
Шоколад түсті замша костюм — нағыз трансформер, әрдайым көмекке келеді. Жейде мен шалбарды бірге де, жеке де киюге болады. Дафлкот, күннен қорғайтын көзілдірік және кең сөмке бұл образға тек пайдалы қосымша болады.
Көбірек деталь
Қазіргі минимализм аскетизмді талап етпейді. Сондықтан аксессуарлардан бас тартудың қажеті жоқ. Ең қарапайым жемпір мен белдемше да өзгеше көрінеді, егер оларды ерекше алқамен, көзілдірікпен немесе көпқабатты орамалмен толықтырсаңыз.
Көңіл көтеретін уақыт
Минималистік қысқы образдар оңай-ақ мерекелік сипат ала алады. Әсіресе Жаңа Жыл алдындағы кештер, корпоративтер жақындап келе жатқанда. Жібек комбинация колготки, биік өкшелі босоножки және мех жағамен толықтырылуды «қалайтынын» сезесіз. Қара түстер гаммасы образға салтанат пен нәзік интимдік әсер береді.
Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото: Брендтердің баспасөз-қызметі