Сарапшылар бір ауыздан образды ерекше әрі қызықты ететін — дәл осы ұсақ-түйек детальдар екенін айтады. Біздің топтамамыздағы қысқы аксессуарлар болса, қалаған әсерді тіпті күшейтеді: олар көлемді, ерекше әрі өте жайлы. Бірден «Отпуск по обмену» фильміндегі Аманда Вудс есіңізге түседі — ол Айристің нашар жылытылған үйінде басына шапка, мойнына шарф, қолына қолғап киіп отырған еді. Айтпақшы, дәл осындай бұйымдардың бәрі Harper’s BAZAAR Kazakhstan гидінде бар. Бұған қоса, біз палантиндер, бини, бейсболкалар және ұзын опералық қолғаптарды да жинадық. Стилисттердің айтуынша, алдағы суық маусымда жүн, кашемир және былғарыдан жасалған аксессуарлар көмегімен түрлі «лук» қалыптастыруға болады. Бұл ретте аксессуарлардың бір түсті болуы міндетті емес — образ соның өзінде стильді көрінеді.
Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.