Трендтегі стилизацияны бақылау өте қызық, бірақ шындық мынада: барлық сәнді тәсілдер Қазақстан аумағында жұмыс істей бермейді. Мәселе көбіне климатқа тіреледі. Бізге Астананың желіне төтеп беретін, Алматыда да қолдануға ыңғайлы және шынайы қалалық ритмге сай келетін образдар қажет. Harper’s BAZAAR Kazakhstan стилист Дана Қаражігітовамен (dana.instyle) күнделікті киімге арналған қарапайым әрі стильді формулаларды ұсынады. Бұл тәсілдер сіздің аутфиттеріңізді сәнді, қолайлы әрі әсерлі етеді.
Монохром + фактура
«Монохром әрдайым талғампаз көрінеді. Маңызды қағида: фактуралар бір-бірінен ерекшеленуі керек, әйтпесе бейне біртекті болып қалады. Образ қалай құрылады? Бір түсті таңдап, әртүрлі материалдарды үйлестіресіз: ангора, мат былғары, түкті жүн, жасанды мех, твид, деним. Мысалы: ірі тоқымалы сүт түстес жемпір + сол түстегі жүн шалбар + күдері сөмке. Мұндай монохром тыныш, бірақ текстураның арқасында терең көрінеді.
Сонымен қатар былғары мен трикотажды, вельвет пен кашемирді, жүн мен жасанды мехты үйлестіруге болады. Міндетті түрде бір түстің дәл көшірмесін қолдану шарт емес: бір палитра ішіндегі әртүрлі реңктерді таңдауға болады — мысалы, бордовый мен қызғылт, немесе көгілдір мен қою көк. Минимализм мен статус әсері сақталады, ал «look» заманауи әрі қызықты көрінеді».
Редакция пікірi
Монохром — әрқашан жақсы шешім. Әртүрлі маталарды, фактураларды және реңктерді жиі қолданып көріңіз: бұл бейнені өзгеше әрі есте қаларлық етеді. Былғары мен трикотаждың дуэты әрдайым батыл, әсерлі және өзекті көрінеді.
Монохром + акцент
«Қазақстанда салқын маусым ұзақ, сондықтан біз визуалды түрде қою түстерден тез шаршаймыз. Жарқын акценттер энергияны қайтарады, бірақ тепе-теңдікті сақтау өте маңызды. Бұл тәсіл бейнеге мінез және көңіл-күй қосқысы келетіндерге арналған. Мұндай акцент аксессуар бола алады: бас киім, сөмке, аяқ киім немесе сырт киім. Принттермен де ойнауға болады — олар әрдайым стиль дәрежесін көтереді. Биылғы қысқа ең өзекті принттер: леопард, жылан терісі, «пье-де-пуль» («құс табаны»), классикалық тор. Қорықпай эксперимент жасаңыз, бірақ ең қауіпсіз әдіс — образдың негізгі түсін принттің или акценттің түсімен сәйкестендіру.
Мысалдар: графит түстес водолазка + сұр түзу джинсы + қызыл сөмке. Немесе: қара лонгслив + қара жүн шалбар + үлкен күміс сырға + бургунди түстес анималистік қолғап + қара немесе бордовый базалық сөмке.
Бұл формуланың артықшылығы — акцентті кез келген сәтте алып тастауға немесе ауыстыруға болады: образ бәрібір жинақы қалады, немесе жаңа акцентпен мүлде басқа сипатқа енеді».
Редакция пікірi
Сұр — мұндай тәсіл үшін мінсіз түс. Таза сүт түстері де жарайды, бірақ олар практикалық жағынан күрделірек. Қара және шоколад реңктерінің интерпретациялары әмбебап нұсқа болып қала береді. Дана айтқандай, акцент ретінде көбіне аксессуарлар немесе сырт киім қолайлы — олар қажет контрастты береді.
База + маусым тренді
«Бұл формула modern-код пен креативтің үйлесімін қалайтын, бірақ шектен шыққысы келмейтіндерге арналған. Биылғы трендтер Қазақстанда жылдам қабылданады және практикалық түрде бейімделеді. Біз үшін функционалдылық, жылулық және ыңғайлылық маңызды.
Маусым трендтері: көлемді пуховиктер, шалы-вариантты немесе стойка-вариантты пальтолар, жылан принтті сапоги, көлемді клатчтар мен ридикюльдер, жұмсақ сөмкелер, мех манишкалар мен шарфтар, свитерлердің астынан көрінетін кружеволар, Tiffany стиліндегі ұзын кулондар, кейптер мен пончо, сондай-ақ брошьтер.
Ең сәнді түстер — сұр, қоңыр, бургунди, қызыл, лайм және көгілдір.
Бар қажеттілік — базалық образға тренд элементін қосу».
Редакция пікірi
Бір ғана образдың өзі тренд элементтері арқылы толық өзгеруі мүмкін. Мысалы, қара лаконикалық сапогтарды жылан принті бар қызғылт сапогтарға ауыстырып, пушистый шарфтың орнына массивті брошь тағуға болады — нәтиже мүлде жаңа болады.
Көлем + таза сызықтар
«Бұл формула хаотикалық силуэттерден қорғау деп айтуға болады. Биыл көлемдер жұмсарып, тегіс, жинақы формаға ие болды: кокон-пальто, түзу кесілимдер, дөңгеленген жағалы свитерлер, иық сызығының тыныш орналасуы, дудочка немесе алладин шалбарлар.
Образдың «ыдырап» кетпеуі үшін қағида қарапайым: егер үстіңгі бөлік көлемді болса — төменгі бөлік түзу болуы тиіс. Және керісінше. Мысалы: кең свитер + қарындаш-юбка, немесе прилегающая водолазка + кең палаццо шалбар».
Редакция пікірi
Жоғарғы және төменгі бөліктің контрастын ойнау — бейнені әсерлі әрі ашық етеді. Пропорциямен жұмыс істеу нәтижесін ақтайды. Дана ұсынған тағы бір кеңес — жіңішке үстіңгі бөлік пен көлемді төменгі бөлікті үйлестіре отырып образ құру.
Үш қабат
«Біздің климат міндетті түрде жылынуды талап етеді. Егер Еуропада үш қабат — стиль үшін болса, бізде ол — қысқы жайлылық үшін. Бірақ мұны да әсем етіп жасауға болады.
Схема:
1-қабат — тегіс база (футболка, жұқа водолазка).
2-қабат — көлем (жилет, кардиган, свитер).
3-қабат — құрылым (пальто, жылытылған жакет).»
Редакция пікірi
Многослойность ешқашан сәннен шықпайды. Бұл тәсіл біздің күнделікті стиль формулаларымен үйлеседі. Қыста жақсы жылыну керек, бірақ образдың эффектілігін де ұмытпау қажет.
Қатты+жұмсақ
«Бұл тәсіл контраст туралы: қатаң элементтер мен жұмсақ маталардың үйлесімі бейнені терең әрі мәнерлі етеді. Қатаң элементтер — былғары, тығыз деним, құрылымды жакеттер мен пальтолар. Жұмсақ элементтер — жібек, кашемир, жұқа жүн.
Мысалдар: жібек юбка + водолазка + құрылымды пальто; миди трикотаж көйлек + үшкір тұмсықты былғары етік; приталенный шалбар + армия стиліндегі бәтеңке + жакет.
Біздің қалаларда мұндай контраст ерекше әсер береді: қатал климаттың фонында жұмсақ маталар әйелдік әсерді күшейтеді».
Редакция пікірi
Дана контрастқа негізделген тағы бір тамаша тәсілді атап өтті. Жасанды мех былғарыға мінсіз үйлеседі, жібек — жүнге, ал кашемир — денимге жарасады. Бұл — күнделікті ерекше әрі күрделі емес бейнелер құруға көмектесетін қарапайым тәсіл.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.