Жануарларды қорғау және гуманизм жолында Harper’s BAZAAR өте маңызды қадам жасады. Таяуда ғана дәл осы басылымға тиесілі Hearst медиаконгломераты табиғи аң терісінен жасалған бұйымдарды жарнамалау мен қолдаудан толықтай бас тартатынын ресми түрде мәлімдеген еді. Енді Hearst компаниясына кіретін Cosmopolitan, Esquire, Good Housekeeping, Marie Claire және басқа да журналдар өз ұстанымдарына берік болып, гумандық күн тәртібін қалыптастыратын болады. Бұдан-былай біздің басылымдарымыздың мұқабаларында табиғи материалдан жасалған бұйымдар енді аталмайды.
Мұндай бастама жануарларды қорғаушыларды қуантпай қоймайды. Соңғы жылдары көптеген сән брендтері де табиғи аң терісін қолданудан бас тартты. Олардың қатарында Gucci, Versace, Chanel, Burberry, Prada, Michael Kors, Ralph Lauren, Dolce & Gabbana және басқалары бар. Айта кетейік, таяуда ғана Нью-Йорк сән апталығының ұйымдастырушылары да дәл осындай маңызды шешім қабылдады. Енді сән көрсетілімдерге қатысатын дизайнерлер подиумда табиғи аң терісі мен арнайы өлтірілген жануарлардың терісінен тігілген бұйымдарды көрсетпейтін болады. Фаунаның нәзік әлемін сақтау осындай шағын болса да, батыл қадамдардан басталмақ. Біз де осындай маңызды бастаманың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз!
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.