Әр зодиак белгісіне арналған қарашадағы сәнді жұлдыз-жорамал
Фото. Spotlight

Әр зодиак белгісіне арналған қарашадағы сәнді жұлдыз-жорамал

31 октября 2025

Уақыт көз ілеспес жылдамдықпен өтуде. Кеше ғана жазды шығарып салғандай едік, ал бүгінде көпшілік алдағы мерекелерге сыйлық дайындауды ойластырып жатыр. Алайда болашаққа асықпай, дәл осы сәтке назар аударған жөн. Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұсынған қараша айының сәндік жұлдыз-жорамалы сізге сенімді, тартымды әрі әйелдік болмысыңызды айқындайтын сәндік инвестицияларды таңдауға көмектеседі.

Тоқты

Айдың басы сізге шабыт пен жаңа күш сыйлайды, алайда ай ортасына қарай жағдай шиеленісуі мүмкін. Әріптестермен туындайтын түсініспеушілікті сабырмен, бірақ нақты ұстаныммен шешіңіз. Бұл кезеңде power dressing стилі мінсіз шешім болады. Біріншіден, ол сіздің кәсібилігіңізді айқын көрсетеді, екіншіден — сырт келбеттен өзіңізге сенімділік пен іскерлік қуатын аласыз.

Торпақ

Алда сізді мансаптық өсу күтіп тұр. Жаңа лауазымға лайық болу үшін қосымша оқудан өту немесе біліктілікті арттыру курсына қатысу қажет болуы мүмкін. Бұл жолда барлық қажетті заттарыңыз сыйып кететін ыңғайлы сөмке керек. JW Pei бренді ұсынған үлгілер – сіз іздеген идеал шешім.

Модный гороскоп на ноябрь для всех знаков зодиака
JW Pei

Егіздер

Егіздер үшін күз шығармашылық шабытқа толы болды. Барлық жаңа идеяларды жүзеге асырудан тартынбаңыз. Бірақ романтиканы да ұмытпаған жөн. Егер әлі де жүрегіңіз бос болса, айналаңызға мұқият қараңыз — жұлдыздар жаңа кездесулерге мүмкіндік береді. Ал жұптары бар Егіздерге қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлу ұсынылады. Қалай болғанда да, алда қызықты кездесу күтіп тұр — оған лайық бейне ойластырыңыз.

Шаян

Шаяндар үшін қараша айы күйзелісті болуы мүмкін. Психологиялық шаршау мен эмоциялық қажу орын алуы ықтимал. Сол себепті таза ауада серуендеу мен жақын адамдармен уақыт өткізу маңызды. Физикалық белсенділіктен де бас тартпаңыз — ол позитивті көңіл күйді сақтауға көмектеседі. Ең алдымен, өзіңізге жарасымды әрі жайлы спорттық костюм табыңыз — сәнді әрі ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз.

Модный гороскоп на ноябрь для всех знаков зодиака
lululemon

Арыстан

Бұл кезеңде өмірдің барлық саласына ақылмен қараған жөн. Қараша айының сәндік жұлдыз жорамалы артық шығын мен қажетсіз сатып алудан бас тартуға кеңес береді. Гардеробыңызды саралап шығып, ұзақ жылдар бойы киюге болатын сапалы киімге инвестиция жасаңыз. Мысалы, жылы әрі жайлы күрте — ең ұтымды шешімдердің бірі.

Модный гороскоп на ноябрь для всех знаков зодиака
Diesel

Бикеш

Ішкі үйлесім — көпшіліктің арманы, бірақ оған қол жеткізетіндер аз. Ал сіз, Бикештер, дәл солардың қатарындасыз. Енді бастысы — өзіңіз үшін маңызды дүниелерге назар аудару. Жалғыз серуен мен тыныш сәттер сізге ой жинақтауға көмектеседі. Қалаған 10 000 қадамды тоңбай жүру үшін жылы кроссовки мен жұмсақ шарф қажет.

Таразы

Қараша айында жаңа таныстықтар мен пайдалы байланыстар сіздің өміріңізге жол тартпақ. Ашық болыңыз — жаңа адамдар сізге шабыт пен мүмкіндік сыйлайды. Бұл айда сәннен алыстамаңыз: сәнді әрі жайлы жакет сізге өзін еркін әрі сенімді ұстауға көмектеседі. Ол күнделікті немесе мерекелік образға бірдей үйлеседі.

Модный гороскоп на ноябрь для всех знаков зодиака
Nina Ricci

Сарышаян

Сарышаяндар, бұл айда сіздің тәуелсіздігіңіз артып, өзіңізге деген сенім күшейеді. Мұны сырт келбетіңіз арқылы да көрсету маңызды. Мүмкін, демалысқа барып, күш жинағыңыз келер. Теңіз жағасындағы тыныш демалыс — керемет идея. Айтпақшы, идеал купальник таңдадыңыз ба?

Мерген

Мергендер, қараша айы өзін-өзі тану мен жаңа білімге толы кезең болмақ. Бейтаныс бағыттарға ашық болыңыз, бірақ қаржы мен махаббат саласын да назардан тыс қалдырмаңыз. Сонымен қатар жаттығуларды ұмытпаңыз — аз ғана қозғалыс та нәтиже береді және көңіл күйді жақсартады. Бұл — спорттық гардеробыңызды жаңартуға тамаша себеп.

Тауешкі

Қазір — болашақты жоспарлауға ең сәтті уақыт. Батыл мақсаттар қойып, оларды жүзеге асыра бастаңыз. Сәттілік сіздің жағында. Өзіңізге сеніңіз және сізге жайлы, еркіндік сыйлайтын образдар таңдаңыз — олар табандылық пен сенімділік береді.

Модный гороскоп на ноябрь для всех знаков зодиака
Maje

Суқұйғыш

Суқұйғыштар, жаңа хобби немесе қызығушылықтар іздеу кезеңі басталды. Бірақ алдымен нені шын жүректен қалайтыныңызды анықтаңыз. Осыдан кейін ғана нақты жоспар құрыңыз. Өз болмысыңызды киім арқылы білдіріңіз — дұрыс таңдалған киім сіздің мінезіңіз бен өмірге көзқарасыңызды айқын көрсетеді.

Балықтар

Балықтар, қараша айының сәндік жұлдыз-жорамалы барлығын бақылауда ұстауға кеңес береді. Бірақ бұл әр әрекетті қадағалау деген сөз емес — тек жағдайды сырттай бақылап отырыңыз. Бұл шаршатуы мүмкін, сондықтан уақытылы демалыс маңызды. Тынығу тәсілі ретінде достармен кездесу, ұзақ серуен немесе жеңіл жаттығуларды таңдаңыз. Ал өзіңізбен бірге ең қажетті заттар ғана сыятын шағын сөмке алуды ұмытпаңыз.

Модный гороскоп на ноябрь для всех знаков зодиака
Gianvito Rossi

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметтері.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше