Қыс маусымына арналған ең үздік 18 көйлек
Фото: Брендтердің баспасөз қызметті.

Қыс маусымына арналған ең үздік 18 көйлек

15 декабря 2025

Қыс маусымына арналған көйлектер, мысалы, күзгі көйлектерден несімен ерекшеленеді? Шынын айтсақ, айырмашылығы аса көп емес, себебі екеуінің де басты мақсаты — жылуды сақтау. Harper’s BAZAAR Kazakhstan дайындаған гидтегі образдардың басым бөлігінде ұзын жең мен миди ұзындықтағы етек бар, бұл суықта тоңып қалмауға көмектеседі. Сонымен қатар кейбір нұсқаларды аяқ астынан ұйымдастырылған кешке немесе романтикалық кездесуге оңай бейімдеуге болады.

Қыста қабат-қабат киіну әдетке айналғанымен, жарқын әрі айшықты образдарды көлемді кардигандардың, свитерлердің немесе жакеттердің астына жасыра бергіңіз келмейді. Кейбір модельдерді 2000-жылдар стилінде джинсымен немесе шалбармен үйлестіруге болады, ал басқаларын — биік қонышты етіктермен және қалың колготкамен кию өте үйлесімді. Қалай болғанда да, қысқы маусымға арналған көйлектер — гардеробыңыздың міндетті элементі. Біз ең сәтті үлгілерді ұсынамыз.

Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото: Брендтердің баспасөз қызметті.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше